заттық түріне де,
өрістік түріне де) ортақ ұғым. Материяның заттық түріне
жататын энергияға 7-сыныпта оқыған
механикалық энергия және 8-сы-
ныпта оқыған
жылулық энергия мен
ішкі энергия мысал бола алады.
Механикалық энергия денелердің, ал жылулық энергия мен ішкі энер-
гия молекулалардың қозғалыстары мен өзара әрекеттесулері арқылы
көрініс береді.
Солармен қатар материяның өрістік түрлері де белгілі бір энергия-
ларды иеленеді. Мысалы: 8-сыныпта оқыған
электр өрісі мен
магнит өрісі де, осы оқулықтың 3-тарауында қарастырған
гравитациялық өріс те энергияға ие. Энергияның өрістік түріне
химиялық байланыс энергия- сы мен
атомдық (
ядролық )
энергияны да жатқызады. Сонымен, энергия
ұғымына кең мағынада мынадай анықтама бере аламыз:
Энергия деп материяның қозғалысы мен өзара әрекет-тесуінің бірегей әмбебап өлшемі болатын физикалық шаманы айтады. Энергия туралы кең мағынада сөз қозғағанда физиканың ғылыми
тіліне
физикалық жүйе деген терминдік сөз тіркесі енгізіледі. Физика-
лық жүйе материяның заттық түрлеріне де, өрістік түрлеріне де енетін
нысандарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда энергия ұғымының тағы
бір қырын аша аламыз:
Энергия деп физикалық жүйенің жұмыс жасау қабілетінің сандық өлшемі болатын скалярлық шаманы айтады. Бұл анықтама энергия мен жұмыс ұғымдарының арасындағы тығыз
байланысты айғақтайды. Мұндай айғақ өздеріңе 7–8-сыныптардан белгі-
лі мына аналитикалық формула арқылы өрнектеледі:
A =
∆
E = |
E 2
– E
1
|.
(4.15)
Оңай есте сақталатын бұл формуланың терең физикалық мағынасы
мыналарға саяды:
Біріншіден , бұл өрнек кез келген физикалық жүйенің атқаратын
А жұмысы сол жүйенің энергиясының
∆
E өзгерісі есебінен істелетінін
көрсетеді, сөйтіп жұмыс пен энергияның арасындағы эквиваленттік тепе-
теңдікті айғақтайды.
Екіншіден , 8-сыныпта «термодинамика негіздері» тарауында айт-
қанымыздай, егер жүйенің өзі жұмыс істесе оның энергиясы
∆
E ша
-
масына кемитіндігін, ал сыртқы күштер жүйеге жұмыс істесе оның
энергиясының соншама шамаға өсетінін, сөйтіп жұмыс пен энергияның
оң немесе теріс сандарды қабылдай алатын скалярлық шамалар екенін
білдіреді.
Үшіншіден , өз кезегінде
жұмыстың да энергия өзгерісінің өлшемі
145
ПРОЕКТ
бола алатындығын, сөйтіп олардың өлшем бірліктерінің де бірдей бо-
латындығын, яғни