194
ПРОЕКТ
Алайда біз жоғарыда сұйық бетінде де көлденең толқындар пайда бо-
луы мүмкін екенін қарастырдық. Бірақ олар серпімділік күші әрекетінен
емес, ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайды, сон-
дықтан да
оларды кейде
гравитациялық толқындар
деп те атайды.
5. Бойлық толқындар.
Егер толқын тарайтын ортаның бөлшектері
толқынның
таралу бағыты бойымен тербелсе, онда
бойлық толқындар
пайда болады. Бойлық толқындардың пайда болуын бір ұшы тірекке
бекітілген серіппенің көмегімен бақылайық (сурет 5.24). Егер серіппенің
бос ұшы жағынан горизонталь бағытта соққы жасасақ (сурет 5.24,
а
),
онда
серіппе бойымен
сиреулер
мен
шоғырланулардан
тұратын толқын
жүгіріп өтеді. Ал вертикаль бағытта соққы жасасақ (сурет 5.24,
ә
), онда
көлденең толқын пайда болады.
а
)
ә
)
Сурет 5.24.
а
) бойлық,
ә
) көлденең толқындар
сиреу
тірек
шоғыр
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытында жүзеге
асатын толқынды
бойлық толқын
деп атайды.
Бойлық толқындарды
қума
толқындар деп те атай береді. Бойлық
толқындарда бөлшектер бір-біріне жақын
келген жерінде қысым біраз
артады, бұл бөлік
шоғырлар
деп аталады (сурет 5.25,
а
). Бөлшектердің
ауытқуы кезінде бірбірінен алыстайтын бөліктер
сиреулер
деп аталады,
бұл бөлікте қысым біраз кемиді. Әрбір көршілес шоғырланулардың
арақашықтығы көршілес сиреулердің арақашықтығындай болады және
бұл қашықтық
толқын ұзындығына тең (сурет 5.25).
Толқын жылдамдығын жиілікпен
және толқын ұзындығымен бай-
ланыстыратын көлденең толқынға қатысты формула бойлық толқын
үшін де жарамды. Бойлық толқын кез келген газ тәрізді, сұйық, қатты
орталарда пайда болып, таралады. Өйткені
осы орталардың бәрінде
сығылу немесе созылу кезінде көршілес қабаттардың арасында әрекет
ететін серпімділік күші пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: