247
ПРОЕКТ
§44.
АтОМ ядрОСЫ. ядрОЛЫҚ өЗАрА әрЕКЕттЕСу.
ядрОЛЫҚ КүШтЕр
1. Резерфорд 1920 жылы атом ядросының
құрамына оң зарядтал-
ған протондардан басқа массасы үлкен бейтарап бөлшек «нейтрон» бар
деп болжаған еді. 1932 жылы Резерфордтың шәкірті Д. Чэдвик ядро құ-
рамына кіретін жаңа бөлшек
нейтронды
ашты. Енді кез келген элемент
атомының ядросы екі түрлі бөлшектен протондар мен нейтрондардан
тұратыны белгілі болды. Оларды жалпылап
нуклондар
деп атайды, ал
тұтас
ядроны
нуклид
дейді.
Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы санын
А
әрпімен
белгілейді.
А
санын
массалық сан
деп атайды, өйткені атомның масса-
сы, негізінен нуклидте (ядрода), яғни протондар мен нейтрондарда жи-
нақталған. Расында да, әрбір протонның массасы электронның массасы-
на қарағанда 1836 есе, ал нейтронның массасы 1841 еседей үлкен.
Элементтердің ядроларын сол элементтердің периодтық кестедегі
таңбаларымен белгілейді. Мысалы,
сутек ядросы
Н
, ал уран ядросы
U
таңбаларымен белгіленеді.
Нақты бір элементтің ядроларындағы про-
тондар саны
(
Z
)
өзгермейді, нейтрондар саны әртүрлі болып кездеседі.
Осыған сәйкес химиялық элементтің ядросындағы нуклондар саны
(
А
)
өз-геріп отырады.
Элементтердің ядролары реттік санына қарай да, нуклондар санына
қарай да бір-бірінен ажыратылады. Ядролардың осындай ерекшелікте-
рін дәл көрсету үшін олардың таңбаларының
төменгі жағына реттік
нөмірі (
Z
), ал жоғарғы жағына нуклондар саны (
А
) жазылады. Мысалы,
сутек ядросы
Z
A
H
=
1
1
H
немесе
Z
A
H
=
1
H
1
таңбаларымен, ал уран ядросы
Z
A
U
=
92
235
U
немесе
Z
A
U
=
92
U
235
таңбаларымен белгіленеді.
2. Химиялық элементтердің
Z
реттік санының да,
А
нуклондар са-
нының да үлкен физикалық мағынасы бар.
Z
саны, яғни элементтің рет-
тік нөмірі, сол элемент атомының ядросындағы
протондардың санына
тең. Ол арқылы ядроның заряды (
q
я
= +
Z
·
e
) анықталады. Сондықтан
Z
санын зарядтық сан деп атайды.
Мысалы, гелий атомы ядросының
2
4
He
( )
заряды
q
я
= +2
е
, ал
заряд
саны
Z
Не
= 2. Сутек атомы ядросының
1
1
H
( )
заряды
q
я
= +1
е
, заряд саны
Z
Н
= 1. Уран ядросының
92
238
U
( )
заряды
q
я
= +92
е
, ал заряд саны
Z
U
= 92.
Нақты бір элемент атомының ядросындағы нуклондар саны
А
әртүрлі
болып келеді дедік. Мысалы, сутек атомдарын алатын болсақ, олардың
248
ПРОЕКТ
ядроларындағы нуклондар саны 1, 2 немесе 3 болып келеді. Осыған сәй-
кес сутек атомының әртүрлі ядроларын былайша белгілейді:
1
1
H
,
1
2
H
,
1
3
H
. Ал уранды алатын болсақ, оның ядроларындығы нуклондар саны
көбінесе 238; 235; 233 болып кездеседі. Уран атомының әртүрлі ядрола-
рын
92
238
U
,
92
235
U
,
92
233
U
таңбаларымен белгілейді.
3.
А
массалық санмен
Z
заряд санын біле отырып, ядродағы N ней-
трондар санын таба аламыз:
N
=
А
–
Z
. (7.1)
Кез келген атомның ядросындағы нейтрондар саны әртүрлі болғаны-
мен протондар саны өзгермейді. Мысалы, сутек атомының әртүрлі ядро-
сында 1 немесе 2 нейтрон бар. Көбінесе сутек ядросы қасында нейтроны
жоқ жалғыз протоннан ғана тұрады. Уран атомын алсақ, оның ядросын-
да кестедегі орнына сәйкес 92 протон бар. Ал оның әртүрлі
ядросында
238 – 92 = 146 немесе 235 – 92 = 143, ал кейде 233 – 92 = 141 нейтрон
болады.
Бір-бірінен тек нейтрондар санына қарай ажыратылатын бір эле-
менттің әртүрлі ядроларын
Достарыңызбен бөлісу: