Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет193/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   219
жылу шығарғыш элементтер
(ЖШЭ) деп аталатын ядролық отынмен толтырылған таяқшалардан (5), 
оларды айнала қоршап тұрған графит 
тежегіштерден
(3) тұрады. ЖШЭ-
ді айнала 
жылу тасығыш
(6) сұйықтар ағып өтетін түтіктер орналасқан. 
Жылу тасығыш қызметін су немесе сұйық металл, мысалы, натрий 
атқарады.
Электр
генераторы
Бу
турбинасы
Конденсатор
(Тоңазытқыш)
Сорғы
Сорғы
Реактор
Жылу алмастырғыш
1
2
3
4
5
6
Cурет 7.7. Ядролық реактордың сұлбасы
Нейтрондардың сыртқы ортаға ұшып шығуын азайту үшін белсен-
ді аумақты 
нейтрон қайтарғышпен
(2) қаптайды. Сыртқы ортаны аса 
қауіпті сәулелерден қорғау үшін нейтрон қайтарғыштың сыртын қалың 
болат сауытпен және био-логиялық бетон қорғанмен (4) қоршайды.
Тізбекті реакцияны қопарылысқа жеткізбей басқарып отыру үшін 


271
ПРОЕКТ
белсенді аумаққа дер кезінде енгізуге болатын 
басқарушы
және апат-
тық жағдайда қолданылатын 
авариялық таяқшалар
(1) да реактордың 
негізгі құрамдас бөлігі болады. Авариялық таяқшалар нейтрондарды 
жұтып алатын заттардан жасалады. Мұндай таяқшаларды белсенді ау-
маққа енгізгенде бомбалаушы нейтрондар саны кемиді де, ядролық реак-
ция баяулайды немесе тоқтайды.
4.
Атом электр стансыларында
(АЭС-тарда) ауыр элементтердің (уран, 
плутоний) ядроларын реакторларда бөлу арқылы энергия өндіру тәсілі 
қолданылады.
Теориялық және эксперименттік зерттеулер бөлінуге дейінгі уран 
ядросы мен нейтрон массаларының қосындысы бөлінуден кейінгі бөл-
шектер массаларының қосындысынан үлкен екенін көрсетеді (сурет 7.8). 
Сөйтіп, уран ядросы бөлінгенде өзінің біраз массасын «жоғалтады». 
Сонда «жоғалған» 

m
масса ақауы қайда кетеді?
Уран ядросы + нейтрон
Ядро жарықшақтары
(Туынды бөлшектер)
Cурет 7.8. Бөлінуге дейінгі бөлшектердің массасы бөлінуден кейінгі 
бөлшектердің массаларынан артық
Массаның 

m
ақауы Эйнштейннің 

Е


mc
2
қатынасына сәйкес 
энергияға түрленеді. Бұл энергия мегаэлектрон-вольтпен мына формула 
арқылы анықталады:




m
· 931 МэВ.
5. Реактордың ЖШЭ таяқшаларындағы ауыр элементтердің (уран-
ның, плутонийдің т.с.с.) ядролары бөлінгенде босап шығатын 

Е
атом
энергиясы туынды бөлшектердің кинетикалық энергиясына айналады. 
Сондай-ақ, ядроның босаған энергиясының біраз бөлігі 
γ
-кванттардың 
электрмагниттік энергиясына түрленеді. Бұл бөлшектер белсенді аумақ-
та суытқыш сұйықтың молекулаларымен бейберекет соқтығысуы салда-
рынан бірте-бірте тежеліп, олардың ішкі энергиясын молайтады. Сөй-
тіп, туынды бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен 
γ
-кванттарының 
сәу-лелік энергиясы реактордағы суытқыш сұйықтың жылу энергиясына 
айналады.


272
ПРОЕКТ
Реактордың белсенді аумағындағы артық жылу мөлшері екінші 
контурдағы жылу алмастырғышқа сорғылар арқылы беріліп, оларды 
буландырады. Жоғары қысымдағы бу электр энергиясын өндіретін бу
турбиналары мен генераторларға беріледі. Осылайша АЭС-тардың реак-
торларында бөлінген атом ядросының ішкі энергиясы туынды бөлшек-
тердің кинетикалық және электрмагниттік энергиясына, ал ол энергия 
жылу энергиясына, жылу энергиясы электр энергиясына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет