Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б


Жаттығу 2.1 Практикалық тапсырма



Pdf көрінісі
бет39/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   219
Жаттығу 2.1
Практикалық тапсырма
Сурет 2.8.
Сұрақтар
?


55
Ғылым мен техниканың даму тарихынан
Сурет 2.9.
Ұлықбек квадрантпен 
жұлдыздарды бақылау 
үстінде
ПРОЕКТ
3.

және 

Үлкен аю жұлдыздарының, сонымен бірге 

Үлкен аю және 
 
Кіші аю жұлдыздарының бұрыштық арақашықтықтарын өлшеп, соң-
ғы екі жұлдыз аралығы алғашқыларымен салыстырғанда 5 есе үлкен 
болатынын тексеріңдер.
4. Мүмкіндігінше қалалардағы планетарийлерге экскурсияға барып неме-
се ауылдық жерлердегі түнгі аспандағы жұлдыздарды бақылап, халық 
арасында белгілі атаулары бар жұлдыздардың орналасуын тор дәптер-
дің бетіне суреттерін салыңдар.
Ислам мәдениеті мен ғылымы гүлденген орта ғасырда оның шығысында 
ғылыми үлкен өркениет қанат жайды. Халифаттың білімді де білікті әмірлері 
қоғамның мәдени деңгейін көтеріп, дамыта түсу үшін ғылым мен білімге 
көңіл бөлді. Астрономия мен медицинаға басымдық берілді. Білімді де білікті 
әмірлердің алдыңғы қатарында әл-Мамун мен Ұлықбек те бар еді. ІХ ғасырда 
Бағдатта әл-Мамун «Ақылдылар үйін» салып, оның жанынан зәулім кітапхана мен 
обсерватория жасақтады. Бұл ғылыми орда Мысырдағы (Египеттегі) «Музейге» 
ұқсас «Ғылымдар Академиясының» прототипі болды. Онда әртүрлі ұлттар мен 
діни конфессия өкілдерінен шыққан ғалымдар философия, астрономия, медици-
на салалары бойынша ежелгі шығармаларды зерделей зерттеумен қатар, оларды 
араб тіліне аударумен шұғылданды. Сфералық үшбұрыштарды ше-шу үшін ислам 
математиктері мен астрономдары ІХ–Х ғасырларда сфералық тригонометрияның 
арнайы математикалық аппаратын жасады, әрі координаталардың түрленуін мо-
дельдейтін аспап – 
астролябияны
ойлап тапты. 
Аспанның жылжымалы картасы
астролябияның қазіргі жетілдірілген түрі болып табылады.
Әмір Темірдің немересі Ұлықбек 15 жасында 
Самарқан мен оның төңірегіндегі аймақтардың би-
лігін қолына алды. Оның тұсында оқу орындары (мед-
реселер) көптеп салынды. Жастайынан атасының 
зәулім кітапханасында өз бетімен оқуға қаныққан 
Ұлықбек нағыз ағартушы билеуші еді. 1420 жылы 
салынған медресенің ғимараттарында ол алғашқы 
университеттің негізін салып, ұстаздыққа белгілі ға-
лымдарды, солардың ішінде көрнекті астрономдар-
ды да көптеп тартты. Біраз жыл өткеннен кейін Са-
марқанға жақын жерден «Ғылым Сарайы» деп ата-
ған үлкен обсерватория салдырғаннан кейін билікті 
тастап, ғылым жолына біржола түсті.
Обсерваториядағы ең басты аспап аса үлкен 
квадрант
болатын. Оның бір
бөлігі жерасты жартасты ойып қашалған жырада (траншеяда), ал қалған бөлігі
сыртта орналастырылды. Доғаның сыртқы бөлігі Жер бетінен 20 метрге дейін 
зорайып, ал жер астында орналасқан бөлігі тереңдігі 11 метрге жетті (жер-
асты доғасының 57–80 градустар аралығын құрайтын бөлігі осы уақытқа дейін 
сақталған). Квадрант меридиан жазықтығында орнатылып, Күн мен Айдың, пла-


56
ПРОЕКТ
неталар мен тірек жұлдыздардың шарықтауларын бақылау үшін және бұрыш-
тық қашықтықтарын өлшеу үшін қолданылды. Өлшеулердің дәлдігі 1
°
-қа дейін
жетті. Сегіз жыл бойы үзбей жүргізген байқаулардан кейін Ұлықбек 1018 жұл-
дыздың координаттарын көрсетіп, каталогтарын жасады, 700 жұлдыз оған бірінші 
рет енгізілді.
1. Аспан координаталарының жүйелері астрономияда шырақтардың 
немесе басқа нысандардың аспан сферасындағы орналасу күйін сипаттау 
үшін қолданылады. Осы мақсатта бірнеше аспан координаталарының 
жүйелері жасалған. Олардың ішінде екі жүйе: 
горизонттық (көкжиек-
тік) координаталар жүйесі
мен 
экваторлық координаталар жүйесі
жиі қолданыс табады. Екі жүйеде де зерттелетін шырақтың немесе аспан 
сферасындағы кез келген нүктенің координаталары екі бұрыштық (не-
месе екі доғалық) шамалармен көрсетіліп беріледі. Аспан шырақтары-
ның координаталары арнайы жабдықталған бұрыш өлшегіш аспаптар-
дың жәрдемімен анықталады. Енді осы шамалардың аталған жүйелерде 
қалай анықталатынын көрсетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет