7. Аспан сферасын (сурет 2.6) сипаттайтын ең басты элементтерге төменде аталған негізгі нүктелер, сызықтар, дөңгелектер мен шеңберлер
жатады.
Бақылаушы вертикалі – аспан сферасының центрі арқылы өтетін,
әрі бақылаушы тұрған нүктедегі тіктеуіштің бағытымен бағыттас тік
сызық.
Зенит Z – бақылаушы вертикалінің аспан сферасымен қиылысқан
тұсындағы бақылаушының қақ төбесінен жоғары орналасқан нүкте.
Надир Z ′
– бақылаушы вертикалінің зенитке қарама-қарсы бетте
аспан сферасымен қиылысқан нүкте.
Ақиқат горизонт ( нақты көкжиек ) – жазықтығы бақылаушы вер-
тикаліне перпендикуляр болатын дөңгелек. Ақиқат горизонт аспан сфе-
расын екі бөлікке бөледі: горизонт үстіндегі жарты сфера және горизонт
астындағы жарты сфера.
Әлем өсі (
РР ′
) – төңірегінде аспан сферасының көрінерлік тәуліктік
айналысы өтетін түзу. Әлем өсі Жердің айналу өсіне параллель болады;
ал оның полюстерінің бірінде тұрған бақылаушы үшін Жердің айналу
өсіне дәлме-дәл орналасады. Аспан сферасының көрінерлік тәуліктік
айналысы, шындығына келгенде, Жердің өз өсі төңірегіндегі тәуліктік
айналысының ақиқат көрінісі болып табылады.
Әлем полюстері – аспан сферасының әлем өстерімен қиылысу нүк-
телері. Кіші Аю шоқжұлдызы жағындағы (Темірқазық жұлдызының
тұсындағы)
Р әлем полюсі әлемнің Солтүстік полюсі, ал оған қарама-
қарсы
Р ′
полюсі әлемнің Оңтүстік полюсі деп аталады.
Аспан экваторы – жазықтығы әлем өсіне перпендикуляр болатын
аспан сферасының бетіндегі шеңбер. Аспан экваторы аспан сферасын екі
53
ПРОЕКТ
жарты сфераға бөледі. Олардың бірінде әлемнің Солтүстік, екіншісінде
әлемнің Оңтүстік полюстері орналасқан.