Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет37/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   219
Аспан меридианы
немесе 
бақылаушы меридианы
– әлемнің полюс-
тері және зенит пен надир арқылы өтетін аспан сферасы бетіндегі үл-
кен дөңгелек. Ол бақылаушының Жердегі меридианының жазықтығы-
на сәйкес келеді де, аспан сферасын шығыстық және батыстық жарты 
сфераларға бөледі.
Солтүстіктің және оңтүстіктің нүктелері
– аспан меридианы-
ның ақиқат горизонтпен қиылысу нүктелері. Әлемнің Солтүстік полюсі-
не жақын нүкте ақиқат горизонттың солтүстік нүктесі деп, ал әлемнің 
Оңтүстік полюсіне жақын нүкте ақиқат горизонттың оңтүстік нүктесі 
деп аталады.
Шығыстың және батыстың нүктелері
– аспан экваторының ақи-
қат горизонтпен қиылысу нүктелері.
Талтүс сызығы
– ақиқат горизонттың бетіндегі солтүстік пен оң-
түстіктегі нүктелерді қосатын түзу сызық. Талтүс аталатын себебі: түскі 
жергілікті күн уақыт бойынша вертикаль бағанның көлеңкесі осы сы-
зыққа, яғни берілген нүктенің ақиқат меридианына дәл келеді.
Аспан экваторының оңтүстік және солтүстік нүктелері
– аспан 
меридианының аспан экваторымен қиылысу нүктелері. Горизонттың 
оңтүстігіне жақын нүкте аспан экваторының оңтүстік нүктесі деп, ал 
горизонттың солтүстігіне жақын нүкте – солтүстік нүкте деп аталады.
Шырақ вертикалі немесе шырақтың дөңгелектік биіктігі

аспан сферасы бетіндегі зенит, надир және шырақ арқылы өтетін үлкен 
дөңгелек. Бірінші вертикаль – шығыс және батыс нүктелері арқылы өте-
тін вертикаль.
Еңіс дөңгелегі немесе шырақтың сағаттық дөңгелегі
– аспан сфе-
расындағы әлемнің 
Р
және 
Р

полюстері мен 
М
шырақ арқылы өтетін 
үлкен дөңгелек.
Шырақтың тәуліктік параллелі
– аспан сферасындағы шырақ ар-
қылы аспан экваторына параллель жүргізілген кіші дөңгелек. Шырақ-
тардың көрінерлік тәуліктік айналыстары тәуліктік параллельдер бо-
йымен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет