үдемелі қозғалатын лифтідегі дененің салмағы мына векторлық формуламен анықталады:
P m g a =
−
( )
.
(3.9)
3. Лифтінің төмен қарай үдеумен қозғалған жағдайын қарастырайық
(сурет 3.31).
Оу координаталық өсін еркін түсу үдеуінің бағытымен
бағыттайық та, осы өстегі
P салмақ күші ,
g еркін түсу үдеуі және лифт қозғалысының a үдеуінің проекцияларын анықтайық. Аталған
векторлардың бәрі де
Оу өсімен бағыттас болғандықтан, олардың осы
өстегі проекциялары оң таңбалы, яғни нөлден үлкен
Р > 0,
g > 0 және
а > 0 сандар болып табылады. Ендеше, жоғарыда көрсе-тілген дененің
салмағының векторлық формуласын төмен-дегі скалярлық формула
түрінде жаза аламыз:
P =
m (
g –
a ). (3.9
'
)
Бұл формуладан мынадай қорытындылар туындайды:
1) егер
а > 0 және
a <
g болса (сурет 3.31,
а ), онда төмен қарай
үдей қозғалатын лифтінің ішіндегі дененің
Р салмағы
F a =
mg ауырлық
күшінен кем болады (
P <
mg ), яғни дене жеңілдейді;
2) егер
а > 0 және
a >
g болса (сурет 3.31,
б ), онда дененің салмағының
таңбасы өзгереді (
P < 0), яғни «теріс» салмақ пайда болып, дене лифтінің
еденіне емес, төбесіне сығымдала қысылады;
106
ПРОЕКТ
3) егер
а > 0 және
a =
g болса (сурет 3.31,
ә ), онда салмақ жоғалады
(
P = 0). Салмақ жоғалған жағдайда дене лифтінің еденіне де, төбесіне де
ешқандай қысым түсірмей, онымен бірге Жерге қарай еркін құлайды.