Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет144/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   219
§35.
 
АКуСтИКАЛЫҚ рЕЗОНАНС. жАңҒЫрЫҚ
Сурет 5.32.
Камертондардағы резонанс


205
ПРОЕКТ
үні тембрге байланысты 
жағымды
немесе 
жағымсыз
болып шығады. 
Музыкалық аспап үнінің сапалы шығуы оның арнайы ағаштан білікті 
шебердің жасауына байланысты болады.
Сурет 5.33. Домбыра мен қобыздың шанақтары мен ойықтары бірдей емес
Резонаторлар дыбыс аппаратында да бар. Адамның және жануарлар-
дың дыбыс көзі дауыс желбезегі болып табылады. Дауыс желбезегі кеу-
дедегі ауа ағыны әсерінен тербеліп, әлсіз дыбыс шығарады. Бұл дыбыс 
резонаторлар болып табылатын көмей мен ауыз қуысы арқылы өтіп, 
ерін мен тілдің қатысуы арқылы әр адамның дауысына тән тембрмен 
күшейеді.
3. Дыбыс көзінен шыққан дыбыс толқындары өзінің жолында қан-
дай да бір бөгетті кезіктірсе, онда олар шағылады. Дыбыс толқынының 
таралуы материялық бөлшектердің қозғалысына ұқсас болғандықтан, 
оның шағылуы жарық сәулелерінің шағылуына немесе қабырғаға соғыл-
ған доптың кері серпілуіне ұқсайды. Қарапайым бақылау 8-сыныпта қа-
растырған жарықтың шағылуы сияқты дыбыстың шағылуы кезінде де 

түсу бұрышы оның бөгеттен шағылған 

бұрышына тең болатынын 
көрсетеді. Ауада тараған дыбыстардың жолындағы бөгеттерден шағылу 
барысында 
жаңғырық
деп аталатын қайтарымды дыбыстар пайда болады.
Жаңғырық
деп қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы 
таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындарын айтады.
Бақылаушының тұрған орнынан ауада тараған дыбыс кедергілерден 
шағыла отырып, оған сәл кідіріп жетеді. Шағылған дыбыстың барлы-
ғын біз жаңғырық ретінде қабылдай бермейміз. Адам құлағы алғашқы 
дыбыс пен шағылған дыбысты жеке-жеке қабылдаған кезде ғана жаң-
ғырық пайда болады. Бұл екі дыбыстың қабылдану уақытының арасы 
0,1 с-тан кем болмаған кезде ғана дыбыстар жеке-жеке қабылданады. 
Бұдан біз жаңғырықты дыбыс көзі мен бөгеттің арасы едәуір алыс болған 


206
ПРОЕКТ
кезде ғана ести алатынымыз байқалады. Егер ауада дыбыс жылдамдығы 
340 м/с болса, онда дыбыс 0,1 с аралығында бөгетке дейін және одан 
қайтып оралғанша 2
s
-ке тең жол жүреді. Онда бұл қашықтық шамамен 
s
vt
s
=
=
2
340
0 1
2
17
;
· ,
.
ì
c
c
ì
C
-ге тең болады.
4. Дыбыс жақын аралықтағы кедергілерден шағылған кезде, ол 
алғашқы дыбыспен қосылады да, оны күшейтеді. Сондықтан үйдің 
ішіндегі дыбыс сырттағы дыбыстан қаттырақ болып естіледі. Тың-
даушылар аз жиналған кең залда баяндамашының сөзі жаңғырып, 
түсініксіз болады. Қабырғалардан, орындықтардан шағылған дыбыс 
тыңдаушыларға бір мезгілде жетпейді. Осының нәтижесінде, алғашқы 
дыбысқа қарағанда тыңдаушыларға естілетін дыбыс ұзағырақ болып 
естіледі.
Дыбыстың әртүрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақ-
тығының артуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет