Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет145/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   219
реверберация
 деп аталады.
Жұмсақ жиһаздары бар, кілем төселген және адам көп жиналған 
бөлмелер дыбыс толқындарын жақсы жұтады, мұндай орындардың 
реверберациясы аз болады. Сонымен қатар реверберация уақытын өте 
азайтып жіберуге де болмайды. Өйткені ол кезде дыбыс тез өшеді, 
олардың жеткілікті дәрежедегі қаттылығы мен айқындығы болмайды. 
Әншілер мен музыканттар жұмсақ жиһаздарға толы шағын бөлмелер-
де өлең айтудың, аспапта ойнаудың қолайсыздығын жақсы біледі.
5. Жоғарыда, тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары 
инфрадыбыстар
, ал 20 000 Гц-тен жоғарысы 
ультрадыбыстар
деп ата-
дық. Бұл дыбыстар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. 
Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар 
бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын артты-
рады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12–14 Гц жиіліктер-
де құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне 
кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған.
Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүм-
кіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібіне пайдаланылуына жол 
ашты. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес 
теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.
Инфрадыбыстардың әсерінен қорғану жолдарының бірі – дыбысты 
естілетін жиіліктер аймағына көшіру. Ол үшін әр-түрлі құрылғылардың 
қатаңдығы арттырылады, резонанстық, камералық сөндіргіштер пайда-
ланылады.


207
ПРОЕКТ
6. Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық 
зерттеу салаларында кеңінен қолданыс тауып отыр. Бұл дыбыстарды 
адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады. 
Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі – оларды дыбыс көзінен 
белгілі бір бағытта таратуға болады.
Ультрадыбыстың таралу және шағылу 
құбылысына теңіз тереңдігін өлшеуге және 
шөгінді жыныстардың күйін анықтауға ар-
налған құрал 
эхолоттың
(сурет 5.34) жұмыс 
жасау принципі негізделген. Сонымен қатар 
су астындағы нысаналарды (сурет 5.35) табу 
үшін қолданылатын 
сонарлар да
(
sound navi-
gation and ranging
– «дыбыстық навигация 
және қашықтықты өлшеу» деген сөздерден) 
бағытталған ультрадыбыс пайдаланады.
Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, 
нысананың орнын анықтау тәсілі 
эхолока-
ция
деп аталады. Кеме табанына орнатылған 
құралдардың көмегімен белгілі бір бағытта 
ультрадыбыстар жіберіледі. Бұл дыбыстар 
теңіз түбінен немесе ізделінді нысанадан ша-
ғылып, кемеге қайта оралады. Кемедегі өте 
сезімтал аспаптардың көмегімен 
тір-келетін бұл толқындар электр 
импульстеріне түрлендіріледі де, 
экранда белгілі бір нысанның, мы-
салы, сүңгуір қайықтың кескіні
пайда болады (сурет 5.35, нысан 5).
Теңіз суындағы дыбыс жылдам-
дығын және дыбыстың жіберілген 
мезеті мен қабылданған мезеті 
арасында өткен уақытты біле оты-
рып, теңіз тереңдігі немесе су ас-
тындағы нысанаға дейінгі қашық-
тық анықталады.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру 
(сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультра-
дыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген 
бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексе-
Сурет 5.34. Эхолотпен теңіз 
түбін зерттеу
Сурет 5.35. Эхолокация:
1 және 3-ультрадыбыс көздері;
2-кабина; 4-мина; 5-сүңгуір қайық
1
2
3
4
5


208
ПРОЕКТ
ру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар – қатерлі 
ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.
Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтақталады, металдарды және 
аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.
Алайда ультрадыбысты ұзақ уақыт қабылдау адамның нерв жүйесіне 
әсер етеді: қанның құрамы, сапасы және қысымын өзгертеді; бас ауруын 
тудырады, есту қабілетін нашарлатады.
Ультрадыбыстарды дельфиндер, иттер, жарғанаттар және басқа да 
тіршілік иелері шығарады. Мысалы, жарғанаттың ультрадыбыстық 
гидролокаторлары адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және 
гидролокаторлармен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген. Олар ультра-
дыбыстарды шығару арқылы өзінің ұшу бағытын және қажетті қорегін 
таба алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет