223
ПРОЕКТ
Сыртқы ортамен тар саңылау арқылы жалғас-
қан қуыс ыдыс (сурет 6.3) абсолют қара дененің
идеал моделі болып табылады. Іші қуыс ыдысқа
тар саңылаудан түскен сәуле шексіз мәрте шағы-
лады да, толық жұтылады.
4. Эксперименттік
зерттеулер дененің темпе-
ратурасы көтерілген (
Т
1
>
Т
2
) сайын қысқа толқын-
дағы сәуле шығарулардың да үлесі арта беретінін
көрсетеді (сурет 6.4). Температура жоғары болған
сайын сәулелік энергияның жалпы мөлшері де өсе түседі
T
T
1
2
>
(
)
, яғни
қисық барған сайын биігірек орналасады. Мұндай жағдайда көрінетін ақ
жарықтың да үлесі арта береді. Ендеше, бөлмелерді жарықтандыру үшін
электр шамының қылын жоғары температураға дейін көтеру пайдалы.
Төменгі температурада, яғни қыл қоңыр қызғылт түске енгенде, оның
ішкі энергиясы, негізінен, ұзын толқынды инфрақызыл сәуле шығаруға
жұмсалады.
Абсолют қара дене үшін
(
) қисығының максимум күйі сәуле шы-
ғаратын дененің
Т
1
,
Т
2
т.с.с. температурасына ғана байланысты болады
(сурет 6.4). Бұл заңдылық сәуле шығаратын
денелердің температура-
сын анықтау үшін қолданылады. Мысалы, Күннің сәуле шығаруының
максимумы бойынша оның бетіндегі температураны анықтауға болады.
Күн
сәулелерінің
(
) тәуелділік қисығының максимумы 5400
°
K
тем-
ператураға сәйкес келеді. Бұл Күннің сыртқы қабатының
беттік эффек-
тивтік температурасы
деп аталады, ал оның ішкі қабаттарындағы тем-
пература ондаған миллион градусқа жетеді.
T = 6000 K
T = 4000 K
T = 3500 K
Сурет 6.4. Абсолют қара дененің
(
)
қисығы максимумының
Т
-ға байланысты ығыса өсуі
(
)
Көрінетін жарық
λ
Сурет 6.3.
Абсолют
қара дене моделі
саңылау
Т