Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет211/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   219
Сұрақтар
?
1. Ғылыми дүниетаным деп нені айтамыз? Дүниетанымдық көзқарасты 
қалыптастыру не себепті физика мен астрономияда жетекші орын алады?
2. Физика ғылымының дамуының қай кезеңінде қоршаған орта туралы 
қандай дүниетанымдық көрініс қалыптасты?
3. Не себепті адамзат қоршаған әлем туралы дүниетанымдық көзқарасы 
өзгеріп отырады? Біртұтас дүние – танымдық көзқарастың дамуына 
қандай физикалық теориялар өз үлестерін қосты немесе қосады деп 
күтілуде?
4. Әлемнің біртұтас теориялық физикалық көрінісін қалыптастыруға қан-
дай іргелі әмбебап тұрақтылар қатысады және қандай арақатынаста қа-
тысады? Жауаптарыңды плакат бетінде сызылған көрнекі модельдің 
жәрдемімен түсіндіріңдер.
1. Физика мен астрономияның ғылым мен техникаға қосқан ұшан-
теңіз үлесі мен жетістіктері туралы біз 7–8–9-сынып оқулықтарында 
көптеген деректер келтірдік. Бұл пәндер ғылым мен техникада соңғы
XX ғасыр ішінде түбегейлі төңкеріс жасады. Оның әсерін барлық ғылым-
дар, солардың ішінде, қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылым-
дар да күшті сезінді.
Физика мен астрономияның, әсіресе макро- және микро-әлемдегі құ-
былыстарды түсіндірудегі жетістігі адамдардың дүниетанымдық өрісін 
кеңейтті. Бұл құбылыстар, сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрес-
ке негізделген өркениеттің дамуына аса қажетті энергияның жаңа көз-
дерін ашуға жәрдемдесті. Атом ядроларындағы энергияның мол қорын 
босату бұрын-соңды болмаған алып қондырғыларды, қуатты қозғалт-
қыштарды жасауға мүмкіндік берді. Бұлар қоғамның өндіргіш күшін 
еселеп арттырып, әлеуметтік-экономикалық салаға игі әсерін тигізді.
Ғылыми-техникалық прогреске негізделген өндіріс күшінің еселеп 
артуы, өкінішке қарай, жаңа проблемалар туғызды. Бұлар ғылым мен 
техниканың жетістігін орынсыз қолданудан туған биоэкологиялық про-
блемалар болып табылады.
Адамзаттың ұжымдық қарекетіне душар болған табиғи орта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет