9
3.
Аханов К.
Тіл білімінің негіздері. – Алматы,1993.
4.
Қалиев Ғ.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2005.
5.
Оралбай Н.
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.
6. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.
7.
Хасенов Ə.
Тіл білімі. – Алматы, 1996.
8.
Аханов К.
Грамматика теориясының негіздері.– Алматы, 1996.
9.
Сүлейменова Ж.
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын
жоғары мектепте
оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздері: ДДА. – Алматы, 2003.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Грамматиканың зерттеу нысаны, салалары.
2. Қазақ тілі морфологиясының зерттелу кезеңдері.
3. Морфология саласы жəне оның зерттеу нысаны.
4. Сөз жəне сөздің морфологиялық құрамы.
5. Морфема жəне оның түрлері, негізгі белгілері, ерекшеліктері.
6. Түбір морфема, мағынасы, қызметі.
7. Қосымша морфемалар, түрлері, қызметі, топтастырылуы.
2. Негізгі грамматикалық ұғымдар
Грамматикалық бірліктердің тілдік табиғатын,
өзара байланы-
сы мен қызметін, арақатынасын айқындау негізгі грамматикалық
ұғымдармен тікелей байланысты. Грамматикалық ұғымдар мен
олардың түрлерін анықтауда түрліше көзқарастар кездеседі.
Мəселен, К. Аханов тілдегі негізгі грамматикалық ұғымдарға
грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тəсіл
жəне грамматикалық категорияларды жатқызса, Ə. Хасенов бұл
ұғымдарды грамматиканың негізгі нысаны ретінде қарастырады.
«Қазақ грамматикасында» да грамматикалық мағына, грам-
матикалық форма жəне грамматикалық категория ең басты
грамматикалық ұғымдар ретінде атап көрсетіледі. Осындай ғылыми
тұжырымдарды саралай келіп, грамматикалық ұғымдардың негізгі
үш түрі ретінде грамматикалық мағына, грамматикалық фор-
ма жəне грамматикалық категорияны бөліп көрсетуге болады. Ал
грамматикалық тəсіл грамматикалық мағына білдірудің жолдары
ретінде грамматикалық форманың ішінде қарастырылады.
10
Грамматикалық
ұғымдардың қызметі морфема, сөз жəне сөз
тіркестерінің тілдік табиғатын, олардың қарым-қатынасы мен
байланысын, біріншіден, оларды өзара тіркестіріп, жалғастырып
қолдануда, екіншіден, бір-бірінен айырым белгілерін ажыратып са-
ралауда анықталады.
Грамматикалық негізгі ұғымдардың ішіндегі маңыздысы –
грамматикалық мағына. Сөз негізгі лексикалық
мағынасымен қатар
грамматикалық мағынасы арқылы да ерекшеленеді. Грамматикалық
мағына, бір жағынан, сөз семантикасымен, екінші жағынан, сөз фор-
масы жəне сөз құрамымен байланысты болады. Мысалы,
орман, ағаш,
биік, аласа, жеті, он, мен, сіз, бар, кел, бүгін, амалсыздан
сөздері
лексикалық мағыналары арқылы жеке сөздер ретінде дараланса,
грамматикалық мағыналары арқылы олардың əрқайсысы
белгілі бір
сөз таптарына тəн сипатымен ерекшеленеді. Атап айтқанда,
орман,
ағаш
– зат есім,
биік, аласа
– сын есім,
жеті, он
– сан есім,
мен, сіз
–
есімдік,
бар, кел
– етістік,
бүгін, амалсыздан
– үстеу.
Ғалым С. Исаев грамматикалық негізгі ұғымдарды түсініп,
игеруде кездесетін қиындықтарды морфологияның басты
теориялық мəселелері қатарында қарастырып,
соның ішінде тілдің
грамматикалық құрылысындағы ең маңыздысының грамматикалық
мағына екендігін атап көрсетеді.
Грамматикалық мағына сөздердің түрленуінен басқа олардың
сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасы, тіркесі жəне орын
тəртібі мен дауыс ырғағы арқылы да берілетіні туралы қайшы
пікірлер бар. Мұның өзі грамматикалық мағына туралы түсініктің
əлі де толық қалыптаспағандығын көрсетеді. Оған грамматикалық
мағына түрлерін топтастыруға қатысты əртүрлі ғылыми көзқарастар
дəлел бола алады.
«Қазақ тілі» (1954) еңбегінде грамматикалық мағынаны «басқа
сөздермен қарым-қатынасқа түскенде сөздің лексикалық мағынасы-
ның үстіне жанамалай қосылған мағына»
ретінде сипаттап, мағына-
ның бұл түрінің сөздердің арасындағы түрлі қатынасты білдіру
қызме тін атқаратындығын атап көрсетсе, «Қазақ тілінің граммати-
касы. Морфология» (1967) еңбегінде сөздерді лексика-семантикалық
сипатына қарай бөлудің нəтижесінде туған мағынаны «жалпы грам-
матикалық мағына» деп түсіндіреді. Бұл еңбектерде граммати-
калық мағына грамматикалық ұғымдардың бір түрі ретінде түсінді
рілгенімен, тек екінші еңбекте ғана грамматикалық мағына түріне
қатысты «жалпы грамматикалық мағына» ұғымы қолданылады.
11
Грамматикалық мағынаны топтастыруда
олардың берілу амал-
тəсілдеріне де назар аударылады. Соның негізінде қазақ тілінің
морфология саласында грамматикалық мағынаны бірнеше түрлерге
бөліп қарастыратын көзқарастар қалыптасқан. Мəселен, ғалым
А. Ысқақов грамматикалық мағынаны «сөздің нақтылы лексикалық
мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай,
саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа
түсу нəтижесінде туатын жалпы мағынасы» ретінде анықтап,
грамматикалық мағынаның сөздің түрленуі жəне
басқа сөздермен
қарым-қатынастары арқылы да берілетінін атап көрсетеді. Сонымен
қатар ғалым бір сөздің əртүрлі формалары (
Достарыңызбен бөлісу: