Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет5/77
Дата28.09.2024
өлшемі457,37 Kb.
#146038
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

ауылдың, ауылға
), көмекші 
сөздер (
дəл өзі, өте жақсы
), күшейткіш буындар (
қып-қызыл, сап-
салқын
), негізгі сөз бен шылау сөздер (
не үшін, сіз үшін
), сөздердің 
қосарлануы (
қайық-қайық, тарау-тарау
), тіркесуі, сөйлемдегі 
орны, дауыс ырғағы арқылы берілетін грамматикалық мағына 
түрлерін нақты тілдік деректермен түсіндіреді. Ғалымның «сөздің 
түрленуі» арқылы берілетін мағынасы категориялық грамматикалық 
мағына, ал «басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы берілетін» 
грамматикалық мағынасы қатыстық грамматикалық мағына екендігін 
грамматикалық мағынаның аталған түрлерінің тілдік табиғатымен, 
берілу сипатымен дəйектеуге болады. 
Ғалым С. Исаев қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар 
мəселесін өз алдына дербес зерттеу нысанына ала отырып, соның 
ішінде грамматикалық мағынаның төмендегідей үш түрін бөліп 
көрсетеді 1) жалпы грамматикалық мағына; 2) категориялық 
грамматикалық мағына; 3) қатыстық (синтаксистік) грамматикалық 
мағына. Ал ғалым Н. Оралбай грамматикалық мағынаны ішкі 
ерекшелігіне қарай жалпы грамматикалық мағына жəне жеке немесе 
категориялық грамматикалық мағына деп екі түрге бөліп, «жалпы 
грамматикалық мағынаның сөйлемдегі сөз атаулының құрамында 
үнемі болатын, басқа грамматикалық мағыналармен бірге жа-
рыса, қабаттаса жүретін, қолданылу аясы кең мағына, ал жеке 
грамматикалық мағынаның сөйлемдегі сөздердің басқа сөздермен 
қандай грамматикалық қатынасқа түсуіне байланысты бір сөйлемде 
қолданылса, екінші сөйлемде кездеспеуі де мүмкін, бірақ қолданылу 
аясы жалпы грамматикалық мағынадан əлдеқайда тар мағына 
екендігін атап көрсетеді. 
Ғалымдардың тағы бір тобы грамматикалық мағына түрлерін 
олардың берілу тəсілдерімен байланысты қарастырады. Мəселен, 


12
ғалым К. Аханов грамматикалық мағынаны осы бағытта, яғни 
олардың берілу тəсілдерімен байланысты түсіндіріп, соның негізінде 
аффиксация тəсілі арқылы берілетін грамматикалық мағына түрлерін 
деривациялық жəне реляциялық мағына деп бөліп көрсетеді. 
Грамматикалық мағынаның мұндай түрлерін анықтауда ғалым 
грамматикалық мағынаның аффиксация тəсілі арқылы берілуін 
негізге алып, «аффикстер сөз тудырып немесе сөз түрлендіріп, оған 
(сөзге) грамматикалық мағынаның екі түрін – деривациялық жəне 
реляциялық мағынаны үстейді» деген тұжырым жасайды.
«Қазақ грамматикасында» (2002) грамматикалық мағынаны жаса-
лу тəсілі мен сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы белгісіне 
қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық 
мағына жəне қатыстық грамматикалық мағына деп үш түрге бөледі. 
Грамматикалық мағына түрлеріне қатысты ғылыми пікірлерге 
ортақ жайт: грамматикалық мағына грамматикалық формамен 
ғана жүзеге аспайды. Сонымен қатар сөздердің сөйлемдегі өзара 
грамматикалық қарым-қатынасы мен орын тəртібі, айтылу интона-
циясы жəне қызметі арқылы да грамматикалық мағына өзгереді, сөз 
түрленеді. Ғалым С. Исаев грамматикалық мағына түрлерінің өзара 
ерекшелігі ретінде төмендегідей бірнеше белгілерін атап көрсетеді: 
1) грамматикалық мағына түрлерінің берілу жолы; 2) тілдің 
грамматикалық құрылысынан алатын орны; 3) грамматикалық кате-
гория жасауға негіз болуы; 4) сөйлеу үдерісінде жұмсалуы жəне басқа 
сөздермен əртүрлі байланысқа түсуі. Бұл белгілердің қай-қайсысы 
болмасын, грамматикалық мағына түрлерін бір-бірінен ажыратуға 
негіз бола алады. Мысалы, 
көші-қон, көшті бастау, көштің басы 
тəрізді тіркестер құрамындағы грамматикалық мағына
 көш 
сөзінің 
контекстегі басқа сөздермен тіркесімі мен қарым-қатынасы жəне 
орын тəртібі арқылы өзгеріп отырады. Соның нəтижесінде көш сөзі 
қатыстық, категориялық жəне жалпы грамматикалық мағыналарда 
қолданылады. Демек, грамматикалық мағына түрлері, біріншіден, 
жасалуы мен берілуі жағынан, екіншіден, сөздерді таптастыру 
принциптерінің негізі болуымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, жал-
пы грамматикалық мағына сөздерді таптастырудың семантикалық 
принципімен, категориялық грамматикалық мағына морфологиялық 
принципімен, қатыстық грамматикалық мағына синтаксистік 
принципімен байланысты болады. 
Сонымен, грамматикалық мағына түрлері туралы пікірлерді 
саралай келе, қазақ тілінде грамматикалық мағынаның жалпы 


13
грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына 
жəне қатыстық грамматикалық мағына тəрізді түрлерін анықтауға 
болады. 
Грамматикалық мағынаның берілу тəсілдері жөніндегі пікірлер 
біркелкі емес. Ғалымдар Ə. Хасенов, К. Аханов оның екі түрін, 
яғни синтетикалық жəне аналитикалық тəсілдерді көрсетсе, 
«Қазақ грамматикасында» грамматикалық мағынаны білдірудің 
семантикалық, синтетикалық жəне аналитикалық тəрізді үш тəсілі, 
аталған тəсілдер арқылы берілетін бірнеше жолдары көрсетіледі. 
Грамматикалық мағынаның берілу тəсілдері мен түрлері əрбір 
тілдің құрылымдық сипатына қарай əркелкі. Соның ішінде қазақ 
тілінің жалғамалық қасиетіне байланысты грамматикалық мағына 
белгілі бір тəсілдермен беріледі. Ғалым К. Аханов грамматикалық 
мағынаны «сөз ішінде жəне сөз сыртында білдіру ыңғайына қарай» 
синтетикалық жəне аналитикалық тəсілдерді бөліп көрсетеді. 
Грамматикалық мағынаның синтетикалық тəсіліне аффиксация, 
ішкі флексия, екпін, ал аналитикалық тəсіліне көмекші сөздер, 
сөздердің орын тəртібі жəне интонацияны жатқызады. Ғалым 
А. Ыс 
қақов қазақ тілінде грамматикалық мағынаның бір сөздің 
əртүрлі грамматикалық формалары, күшейткіш сөздер мен 
күшейткіш буындар, шылау сөздер, сөзді қайталап (қосарлап) 
қолдану, көмекші етістіктер, сөздердің тіркесуі, орын тəртібі, дауыс 
ырғағы (интонация) арқылы берілу жолдарын нақты тілдік дерек-
термен түсіндіреді. Ғалым Н. Оралбай «тілде қандай мағына бол-
масын тілдік бірліктер арқылы берілетінін, ешбір тілдік бірліксіз 
берілетін мағына болмайтынын» негізге ала отырып, грамматикалық 
мағынаның берілу жолдары мен тəсілдерінің тілдік бірліктер арқылы 
белгіленетіндігін атап көрсетеді. Ғалымның пайымдауынша, тілдегі 
əртүрлі грамматикалық мағынаны білдіретін тілдік бірліктер мен 
грамматикалық мағынаның берілу жолдары мен тəсілдерінің мы-
надай түрлері бар: 1) қосымша арқылы грамматикалық мағынаның 
берілуі; 2) көмекші бірліктер арқылы грамматикалық мағынаның 
берілуі. Грамматикалық мағынаны білдіретін қосымшаларға жалғау, 
нөлдік қосымша жəне грамматикалық жұрнақтарды жатқызады. Ал 
шылау, көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздер, күшейткіш 
көмекшілер мен күшейткіш буындарды грамматикалық мағына 
білдіретін көмекшілер ретінде қарастырады.
Грамматикалық негізгі ұғымдардың келесі бір түрі – грам-
матикалық форма. «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөз дігінде» 


14
грамматикалық форма «грамматикалық мағынаның қа 
лыпты 
көрінісін білдіретін тілдік белгі» ретінде сипатталады. 
Қазақ тіліндегі сөздердің морфологиялық құрылымы, олардың сөз 
тудыру жəне грамматикалық форма тудыру тəсілдері мен жүйелері 
тілдің даму барысында сол тілде сөйлеуші халықтың өзара сөйлеу 
үдерісінде қалыптасқан. Тілдің грамматикалық құбылыстары ұдайы 
даму үстінде болатындығын ескерсек, даму үдерісінде сол тілдің 
грамматикалық формалары бір сөзге форма тудырушы қосымшалар 
жалғану арқылы жасалады. Грамматикалық формалы сөздердің 
лексикалық мағынасын түбір сөз білдірсе, оның грамматикалық 
формасын форма тудырушы қосымша белгілеп, бұлардың аражігі 
айқын көрініп тұрады. Сөз өзіне жалғанатын əртүрлі формалардың 
қызметі мен сипатына байланысты морфология саласында да зерт-
теу нысанына алынады. Сондықтан түбір сөздер мен грамматикалық 
формалардың аражігін, шегін ашып көрсете отырып зерттеу қазақ 
тілі үшін аса маңызды. Бұл орайда ғалым Ы. Маманов қазақ тілінде 
түбір сөздер мен сөздің грамматикалық формаларының аражігін 
анықтаудың ешқандай қиындық тудырмайтынын ескерте келіп, 
«грамматикалық формадағы сөздердің құрамындағы форма тудыру-
шы қосымшаларын алып тастамай, сол формаға негіз болған түбір 
сөз өзінің дербес сөздік қасиетін жоймайды» деген тұжырым жасай-
ды. Бұл тұрғыдан қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық мағынасы 
мен грамматикалық мағынасының органикалық байланыста 
болмайтындығы да негізге алынады. 
Ғылыми еңбектерде грамматикалық форма ұғымын грам-
матикалық мағына білдіретін амал-тəсілдермен байланысты тү-
сіндіретін көзқарастар да кездеседі. Мəселен, ғалым А. Ысқақов 
жалпы грамматикалық мағына білдіретін грамматикалық амал-
тəсілдерді грамматикалық формалар деп атайды. Сонымен қатар 
грамматикалық форманың грамматикалық мағынамен тығыз бай-
ланыста болатынын, грамматикалық мағынасыз грамматикалық 
фор ма, грамматикалық формасыз грамматикалық мағына болмай-
тындығын жəне тілдің грамматикалық құрылысы грамматикалық 
мағына мен грамматикалық форманың бірлігінен қалыптасатынды-
ғын атап өтеді. Ғалым К. Аханов та «грамматикалық мағына белгілі 
бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тəсіл 
грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің 
жолы болып саналады» деп, грамматикалық форма ұғымын 
грамматикалық мағына жəне грамматикалық тəсілдермен тығыз 


15
байланыста түсіндіреді. Бұл пікірлерге ортақ мəселе: грамматикалық 
форма мен грамматикалық мағына ұғымдары өзара тығыз байланыс-
та, ажырамас бірлікте қарастырылады. 
Грамматикалық форма ұғымын ғалым Н. Оралбай сөздің грам-
матикалық тұлғасымен байланысты қарастырып, «сөйлемде кате-
гориялардың көрсеткіштерімен қолданылып, грамматикалық 
мағынада қолданылып тұрған түрін» сөздің грамматикалық 
тұлғасы ретінде анықтайды. Ғалымның тұжырымдауынша, сөз-
дің грамматикалық тұлғасы грамматикалық категориялар көр-
сеткішімен түрленеді. Сондай-ақ грамматикалық сөзтұлға белгілі 
бір грамматикалық мағынаны білдіруі шарт. Ал ол грамматикалық 
мағына кейде грамматикалық категорияға қатысты болмауы да 
мүмкін. Осы тұста грамматикалық форманың грамматикалық 
мағынамен тығыз байланысы оның, яғни грамматикалық мағынаның 
барлық түрін толық қамти ала ма деген мəселе де нақтылауды қажет 
етеді. Грамматикалық форманың «Қазақ грамматикасындағы» зерт-
телу сипатына назар аударсақ, аталған еңбекте грамматикалық фор-
ма «грамматикалық мағынаны білдіретін синтетикалық тəсілдің бір 
типі» ретінде қарастырылып, грамматикалық мағынаның белгілі 
бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағынаның 
грамматикалық формалар арқылы берілетіндігі атап көрсетіледі. 
Грамматикалық мағынаның түр-түрге бөлінбей, грамматикалық 
форманың ішкі мазмұны ретінде түсіндіріліп келуі грамматикалық 
форманы грамматикалық мағына білдірудің сыртқы жағы деп 
қабылдаумен байланысты болса, кейіннен грамматикалық форманың 
грамматикалық мағынаны білдірудің бір түрі ретінде дəйектеліп, 
ғылыми тұрғыдан нақтылануы грамматикалық мағынаны бірнеше 
түрлерге бөлуге толық негіз болды. Грамматикалық мағынаның 
барлық түрі тек грамматикалық формалар арқылы жасалмайтынын 
ескерсек, грамматикалық форманы грамматикалық мағына жасаушы 
тілдік құралдардың бір түрі деп қараған жөн. 
Грамматикалық форма белгілі бір парадигмалық жүйенің бір 
көрінісі болып табылады. Ал грамматикалық форманың грам-
матикалық мағынамен сəйкестігі категориялық грамматикалық 
мағынаның белгілі бір грамматикалық формалар арқылы берілу си-
патында айқындалады. Бірақ бұл сəйкестік аталған грамматикалық 
ұғымдардың сөз құрамында əрдайым бірдей деңгейде көрінуімен 
анықталмайды. Бір грамматикалық форманың сөзге бірнеше 
грамматикалық мағына үстейтін жағдайлары да кездеседі. Мəселен, 


16


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет