Оқулық «гэотар-медиа»


  Бұлшықет жүйесін зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет108/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   315
160 
Бұлшықет жүйесін зерттеу әдістері: 
Анамнез 
Сұрастыру 
шағымдар 
мен 
анамнез 
мәліметтерін 
анықтауға 
бағытталған. 
Шағымдар: 
-
бұлшықеттердегі ауырсыну (миалгия); 
-
бұлшықет күшінің азаюы (пайда болу уақытын, басқа патологиялық 
симптомдармен байланысын анықтау) 
Анамнез: 
-
отбасында бұлшықет зақымдалуымен жүретін ауруларды анықтау; 
-
ауру басталуын сыртқы әсерлермен байланысын анықтау (жарақат, 
инфекциялық аурулар және т.б). 
Физикалық зерттеулер 
Жалпы қарау және пальпация кезінде бағаланады: 
-
бұлшықеттердің даму дәрежесі; 
-
бұлшықет тонусы; 
-
бұлшықет күші; 
-
бұлшықет қозғалыс белсенділігі. 
Бұлшықеттердің даму дәрежесі.
Дені сау балаларда бұлшықет 
қолымен қысып көргенде серпімді, дене және аяқ-қолдың симметриялы 
аймақтарында бірдей болады. Бұлшықет дамуының 3 дәрежесін 
ажыратады: 

Жақсы жетілген – тыныштық жағдайында тұлға және аяқ-қол 
бұлшықетерінің жиегі анық көрінеді, қарыны ішке кірген немесе сәл 
шығыңқы, жауырыны кеуде қуысына тартылып тұрады, жүктеме кезінде 
жиырылған бұлшықеттердің рельефі айқындалады (сурет 6-32). 

Орташа жетілген – тұлға бұлшықеттері орташа дамыған, ал аяқ-қол 
бұлшықеттері жақсы дамыған, жүктеме кезінде жиырылған бұлшеттердің 
көлемі мен пішіні анық байқалады. 

Нашар жетілген – тыныштық жағдайында тұлға және аяқ-қол 
бұлшықеттерінің жиегі анық көрінбейді, жүктеме кезінде бұлшық ет 
рельефі анық байқалмайды, қарынның төменгі бөлігі салбырап қалады
жауырынның төменгі бұрышы бір-бірінен алшақтайды және кеуде 
қуысынан алшақтайды. 
Бұлшықеттің 
жеткіліксіз 
дамуы 
аз 
қимылдайтын 
балаларда, 
тамақтанудың 
бұзылуынан 
туындайтын 
дистрофияда, 
созылмалы 
соматикалық ауруларда, жүйке жүйесі патологиясында, буындардың 
жайылған зақымдалуында және т.б. пайда болады. Ең нашар жетілген 
бұлшықет дәрежесі – атрофия (сурет 6-33). 
Бұлшықет массасының асимметриясы аттас бұлшықет топтарының 
біркелкі жетілмеуі салдарынан болуы мүмкін. Бұлшықеттер асимметрия- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет