205
-
Плеврада
сұйықтықтың
(экссудативті
плеврит),
ауаның
(пневмоторакс) жиналуынан өкпе бөлігінің ығысуы; бұл кезде өкпе
орналасуы тереңірек, тыныс алу кезінде альвеолалар ашылмайды.
- Өкпе тінінің серпімділігінің жоғалуы, альвеола іргесінің
ригидтілігі (эмфизема);
- Плевраның айтарлықтай қалыңдауы (экссудат сорылуы кезінде)
немесе семіздік.
- Өкпенің қабыну үрдісінің бастапқы немесе соңғы кезіңінде тек тін
серпімділігінің өзгеруі (инфильтрация және тығыздалу болмауы)
кезінде.
•Тыныстың қатайып естілуі төменгі жағдайларда анықталады.
- Ұсақ және өте ұсақ бронхтардың тарылуы (қатқылдану тыныс
шығуының
себебінен),
олардың
қабынуы
немесе
спазмы
(бронхалды астма ұстамасы, бронхиолит).
- Қызбамен жүретін аурулар.
- Өкпенің бір жақты патологиялық үрдісінде екінші бөлігінде
тыныстың компенсаторлы қатаюы естіледі.
Қатқыл тыныс әдетте ұсақ бронхтар зақымдалуын білдереді,
бронхиттерде немесе ошақты пневмонияда пайда болады. Осы
ауруларда қабыну экссудаты бронх кеңістіктерін тарылтады,
тыныстың осы типінің дамуына жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: