201 Сурет 7-38. Ентігу
Инспираторлы ентігу
жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясында
(круп, бөгде дене, жылауық және ісіктер, көмей, трахея не бронхтар
туа біткен тарылуы, көмей арты абсцессы және т.б.) пайда болады.
Тыныс алу кезінде тыныстың қиындауы келесі клиникалық
көріністермен: эпигастральды аймақтың, қабырға аралықтарының,
бұғана үсті және мойындырық шұңқырларының ішке тартылуымен
және төсті-бұғаналы-емізік бұлшық еттің және басқа көмекші бұлшық
еттердің кернеуімен білінеді. Ерте жастағы балаларда мұрын
қанатының керілуі және бас изеу қозғалыстары ентігу эквиваленті
болып табылады.
Экспираторлы ентігу тыныс шығарудың қиындауымен және іш
бұлшық еттерінің белсенді қатысуымен сипатталады. Көкірек
керілген, тыныс экскурсиясы төмендеген. Экспираторлы ентігу
бронхиалды демікпе, обструктивті бронхит және бронхиолит,
сонымен қатар трахеядан төмен орналасқаң тыныс ағзаларындағы ауа
өту кедергілері (мысалы, ірі бронхтарда) кезінде байқалады.
Аралас ентігу (экспираторлы-инспираторлы) көкіректің керілуімен
және көкіректің иілгіш аймақтарының ішке тартылуымен білінеді. Ол
бронхиолитке және пневмонияға тән.
Экспираторлы • Туа біткен
бронхтардың
тарылуы
• Бронхиальды
демікпе
• Бронхиолит
Инспираторлы •Эпиглоттит
• Көмей артты
абсцессы
• Стенозды
ларинготрахеит
(«жалған круп»)
• Ісіктер
• Туа біткен
трахея тарылуы
Аралас •Пневмония
• Бронхиолит
202 Сурет 7-39. Негізгі бронх-өкпелік синдромдарда дауыс дірілінің өзгеруі: а
– қалыпты; б – пневмоторакс; в – обтурациялық ателектаз; г – бөліктік
тығыздалу; д – ошақты қабыну тығыздалуы; е – бронхтардың тарылуы