Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет185/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Кекіру мен қыжылдау 
Кекіру 
(асқазаннан ауыз қуысына газдың шығарылуы, кейде тамақ 
қосындылармен бірге). Оны туындататын факторларды (тамақты артық 
қабылдау, физикалық жаттығу, белгілі бір тамақты қолдану), жиілігін 
анықтау керек. 
Қыжылдау 
(төс артында және эпигастрий аймағында күйдіру сезімі). 
Пайда болу жиілігін (кездейсоқ, күніне бірнеше рет); белгілі бір тамақпен 
(ащы, қышқыл, майлы, дөрекі) немесе дәрілік заттарды қолдануымен 
байланысын; дене жағдайын анықтау керек. 


267 
Тәбеттің өзгеруі
Тәбеттің өзгеруі (тамақты қабылдау қажеттілігі сезімі): оның 
төмендеуі, болмауы, күшеюі, бүлінуі (жеуге болмайтын заттарды қолдану 
– бор, әктас, күл және т.б), тез тойыну сезімі. Сәбилердің тәбеті ему 
уақыты және емшекті алу ерекшелігі арқылы бағаланады. 
Іш қату мен диарея 
Іш қату – дефекацияның 36 сағаттан астам уақытта болмауы. Диарея 
(іш өту) – нәжіс сипатының өзгеруімен (ботқа тәрізді түрінен сулы түріне 
дейін) жүретін ішектің жиі босатылуы.
Жұтудың бұзылысы 
Жұтудың бұзылысы (дисфагия) жұту кезіндегі қиындықтармен, 
тамақты жұту қорқыншымен, өңеш бойымен тамақтың жүру кезінде 
ауырсынумен немесе жағымсыз сезімдерімен, регургитациямен (құсу), 
астың аспирациясымен көрініс береді. 
Басқа шағымдар 
Шөлдеу – суға қажеттілікке субъективті сезімі. Ауыз қуысының 
құрғақтығына, дәм сезуінің өзгеруіне, іштің керілуі мен ауырлық сезіміне, 
іште құйылу және шұрылдау сезіміне көңіл бөлу керек. 
Шағымдар созылмалы интоксикациямен де байланысты болуы мүмкін 
– жоғары шаршағыштық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, бұлшықеттік 
әлсіздік, әртүрлі невротикалық бұзылыстар (қозғыштық, ұйқының 
бұзылысы, жылағыштық және т.б.). 
Ауру анамнезі 
Ауру анамнезінде аурудың алғашқы белгілері анықталады, оның 
ұзақтығы, өршу кезеңдерінің жиілігі, ремиссия ұзақтығы, тамақтану және 
өмір салтына жағдайына ауысуына тәуелділігі, бұрын бастан кешірген 
аурулары мен емделуі және т.б. Бұрын жасалған клиника-лабораторлы 
және аспаптық зерттеу мәліметтері және қабылдаған емінің тиімділігі 
ескеріледі. 
Өмір анамнезі 
Науқастың өмір тарихы асқорыту жүйесі ауруларының қауіп 
факторларын және ықтимал себебтерін анықтауға мүмкіндік береді. 
Анасының жүктілік және туу барысына, бастан кешірген ауруларға 
(әсіресе, жедел ішек инфекциясы), туылғаннан диспепсиялық бұзылыста- 


268 
рына, тамақтандыру ерекшеліктеріне, аллергиялық анамнезіне, кейбір 
өнімдерге төзімсіздігіне назар аудару керек. Отбасылық анамнез асқорыту 
жүйесі ауруларына тұқымқуалайтын бейімділігін анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет