Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет182/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   315
Ұйқы безі 
Нәрестелердің ұйқы безі кіші пішінді және ересектерге қарағанда 
жоғары орналасады. Құрсақ қуысының артқы қабырғасына әлсіз бекітілуі 
себебінен қозғалысты болып келеді. Ұйқы безінің интенсивті өсуі алғашқы 
3 жылда және пубертаттық кезеңде байқалады. 
Туғанда 
және 
бірінші 
айларында 
ұйқы 
безі 
толық 
дифференцияланбаған, қан тамырларға бай және аз дәнекер тінді. Ұйқы 
безінің эндокринді бөлігі экзокриндіге қарағанда туған кезде жақсы 
дамыған.
Ұйқы безінің сөлінің құрамында ферменттер (ақуыз, май, көмірсу 
гидролизін 
қамтамасыз 
етеді) 
және 
бикарбонатттар 
(ферменттер 
белсенуіне қажет ортаның сілтілі реакциясын туғызады) болады. 
Нәрестелерде стимуляциядан кейін панкреатит сөлі аз мөлшерде бөлінеді; 
амилаза белсенділігі мен бикарбонаттық сыйымдалығы төмен. Калорияға 
қажеттілігін 
жартысынан 
көбі 
көмірсу 
есебінен 
толтырылуымен 
сипатталатын әдеттегі тамақтануға ауысқанда амилазаның белсенділігі 
жылдам жоғарылайды және 6-9 жасқа қарай максимальді дәрежеге жетеді.
Панкреатиттік липазаның белсенділігі нәрестелерде төмен болады, 
сондықтан сілекей безіндегі, асқазандағы, ана сүтіндегі липаза май 
гидролизінде үлкен рөл атқарады. Бірінші айларындағы балаларда ұйқы 
безі сөлінің протеолитикалық белсенділігі біршама жоғары. 
Ұйқы безінің қызметіне тамақтану түрі әсер етеді (табиғи тамақтануға 
қарағанда 
жасанды 
тамақтануда 
дуоденальді 
сөлде 
ферменттер 
белсенділігі 4-5 есе жоғары).
Бауыр 
Бауыр туған кезде – ең ірі мүшенің бірі болып табылады. Оның 
төменгі қыры қабырға астынан шығып тұрады, ал оң жақ бөлігі мықын


264 
сүйектің қырымен беттесуі де мүмкін. Нәрестенің бауыры дене 
салмағының 4%-ын құрайды; ересектерде 2%-ын. Постнатальді кезеңде 
бауыр өсуі жалғасады, бірақ дене салмағынан баяуырақ.
Бауыр мен дене массаларының әр түрлі ырғақта ұлғаюына 
байланысты 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларда бауырдың шеті оң жақ 
қабырға астынан шығып тұрады және қабырға доғасынан 1-3 см төмен 
бұғана орта сызығы бойымен пальпацияда сезіледі. 7 жастан бастап 
бауырдың төменгі қыры қабырға астылық доғадан шығып тұрмайды және 
жалпы жағдайда пальпацияға келмейді; ортаңғы сызық бойымен кіндік пен 
семсер тәрізді өсінді аралығының жоғарғы үштен бірінен шықпайды. 
Бауыр бөліктерінің қалыптасуы ұрық кезінде басталады, бірақ туғанда 
олардың шекаралары анық көрінбейді. Олардың толық дифференциялануы 
постнатальді кезеңде аяқталады. Бауыр қан тамырларға бай, соған 
байланысты инфекция, интоксикация, қанайналым бұзылыстары кезінде 
жылдам үлкейеді. Бауырдың фиброзды капсуласы жұқа. Нәрестелердің 
бауыр көлемінің 5%-ы қанжасаушы жасушалар болып табылады, кейіннен 
олардың саны тез азаяды. 8 жасқа қарай бауырдың морфологиялық және 
гистологиялық құрылысы ересектердікіндей болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет