Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет183/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   315
Бауырдың функциясы 
Өттің түзілуі құрсақішілік кезеңде басталады, бірақ өт түзілуі ерте 
жаста баяу. Жасы үлкейген сайын өт қабы өттің концентрациялану қабілеті 
жоғарылайды. 
Бір 
жасқа 
дейінгі 
балаларда 
бауырлық 
өтте 
өт 
қышқылдарының концентрациясы жоғары, әсіресе туғаннан кейін алғашқы 
күндерінде, бұл нәреселерде бауыр астылық холестаздың (өт қоюлану 
синдромы) дамуының жиі себебі болуы мүмкін. 
Нәрестелерге өт қышқылдарының бауыр-ішектік циркуляцияның 
барлық этаптарының жетілмеуі тән: олардың гепатоциттермен ұсталуының 
және түтікше мембрана арқылы экскрециясының жеткіліксіздігі, өт 
ағуының баяулануы, екіншілік өт қышқылдарының синтезінің төмендеуі 
салдарынан дисхолия болуы және ішекте олардың қайта сіңірілуінің төмен 
деңгейі. Балаларда ересектерге қарағанда көбірек типті емес, азырақ 
гидротрофты және токсикалық май қышқылдары түзіледі. Бауырішілік өт 
түтігінде май қышқылдарының жиналуы жасушааралық байланыстарда
өткізгіштігінің 
жоғарылауын 
және 
қанда 
өт 
компоненттерінің 
жоғарылауын негіздейді. Бірінші айлық балалардың өтінде холестерин мен 
тұз азырақ, ол тас түзілуінің сирек болуын негіздейді. 
Нәрестелерде май қышқылдары тауринмен қосылады (ересектерде – 
глицинмен). Тауринді конъюгаттар суда жақсы ериді және токсикалық 
әсері төмен. Өтте таурохолий қышқылының (бактерицидтік әсері бар)


265 
салыстырмалы жоғары деңгейі бірінші жылындағы балаларда өт шығару 
жолдарында бактериялық қабынудың дамуын сирек болуын негіздейді. 
Әр түрлі заттардың адекватты метаболизмін қамтамасыз ететін 
бауырдың ферменттік жүйесі туған кезде толық жетілмеген. Жасанды 
тамақтандыру 
олардың 
ертерек 
дамуын 
ынталандыралды, 
бірақ 
диспропорцияға әкеледі. Туғаннан кейін балаларда альбумин синтезі 
азаяды, ол қандағы альбумин-глобулин қатынасын төмендетеді. 
Балалардың 
бауырында 
аминқышқылдарының 
трансаминденуі 
белсендірек жүреді (ананың қанына қарағанда туылған кездегі баланың 
қанындағы аминотрансферазаның белсенділігі 2 есе жоғары). Сонымен 
қатар қайта аминдену үрдістері толық жетілмеген және ауыстырылмайтын 
аминқышқылдарының 
саны 
ересектерге 
қарағанда 
көп 
болады. 
Ересектерде олардың саны – 8, сондықтан 5-7 жасқа дейінгі балаларға 
қосымша гистидин, ал бірінші 4 апта аралығында цистеин де қажет болып 
табылады. 
Бауырдың несепнәр түзу функциясы 3-4 айға қарай қалыптасады. 
Оған дейін балаларда несепнәрдің төмен концентрациясымен бірге 
аммиактың зәрмен экскрециясы жоғары болуы анықталады. 
Нәрестелерде өмірінің алғашқы күндерінде билирубиннің глюкурон 
қышқылымен конъюгациялануыны және суда еритін «тура» билирубиннің 
түзілуіне 
қатысатын 
глюкуронилтрансфераза 
белсенділігінің 
жеткіліксіздігі байқалады. 
Бауыр барьерлік қызмет атқарады, эндогенді және және экзогенді 
зиянды 
заттарды, 
сонымен 
қатар, 
ішектен 
түсетін 
токсиндерді 
бейтараптайды және дәрілік заттардың метаболизіміне қатысады. Ерте 
жастағы балаларда бауырдың зиянсыздандыру функциясы толық 
дамымаған.
Әдетте нәрестелердің өт қабығы бауырмен жабылған, пішіні әр түрлі 
болуы мүмкін. Оның көлемі жас ұлғайған сайын өседі және 10-12 жасқа 
қарай ұзындығы шамамен 2 есе артады. Өт бөлінуі ересектерге қарағанда 
нәрестелерде 6 есе кем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет