273
Оң жақ мықынасты аймағында кейде мықын ішектің терминальді
бөлігін пальпациялауға болады, оның консистенциясы жұмсақ
эластикалы цилиндр тәрізді, диаметрі 1-1,5 см,
пальпацияда жақсы
перисталикаланады және желденеді.
Тоқ ішектің жоғарылаған және төмендеген бөліктері іштің оң және
сол жақ бүйірінде созыла жатады. Диаметрі шамамен 2 см қозғалмалы
және тығыз ауырсынусыз цилиндр тәрізді болып сезіледі (сурет 9-6).
Көлденең жиек ішектің бөлігі кіндік аймағынан пальпацияланады,
диаметрі шамамен 2,5 см, төменге иілген доға тәрізді, тығыздалған,
цилиндр болып сезіледі, желдену болмайды (сурет 9-7).
Жіңішке ішек әдетте пальпацияланбайды, себебі іш қуысында терең
орналасады және өте қозғалмалы.
Құрсақ қабырғасы жұқа науқастарда
кіндік аймағының терең
пальпациясы мезентериальді (шажырқайлық) лимфа түйіндерінің
ұлғаюын анықтауға мүмкіндік береді.
Асқазанның үлкен иіні мен пилорикалық бөлігін пальпацияда қиын;
басқа бөлімдері мүлдем пальпацияға келмейді. Асқазанның төменгі
шекарасын анықтауда «шалпылдау шуы» әдісін жиі қолданылады.
Қалыптыда үлкен жастағы балаларда асқазанның төменгі шекарасы
кіндіктен 2-4 см жоғары орналасады.
Ұйқы безі өте сирек пальпацияланады, сондықтан ауырсыну
нүктелерінің мен алдыңғы құрсақ
қабырғасындағы аймақтарының
диагностикалық маңызы бар. Ұйқы безінің басы Шоффар-Риве
зонасына проекцияланады, ол тікбұрышты үшбұрыш пішінді, кіндік
аймағының
оң
жақ
жоғарғы
квадрантасында
орналасады.
Үшбұрыштың бір биіктігі кіндікте, катеттердің бірі –
орталық
сызықта, ал гипотенуза – кіндік пен оң жақ қабырға доғасын қосып
және орталық сызықпен 45° бұрышты түзелетін ішкі сызықтың үштен
бірін құрайды. Ұйқы безі құйрығы Мейо-Робсон нүктесіне
проекцияланады, ол іштің сол жақ жоғарғы квадрантасының
биссектрисасында қабырға доғасының қырынан 1/3 қашықтықта
орналасады (сурет 9-8, 9-9).
Бауырдың пальпациясы (сурет 9-10). Пальпациядан бұрын
бауырдың төменгі шекарасын перкуторлы анықтап алады. Ерте
жастағы балаларда бауырдың шеті оң
жақ бұғана орта сызығымен
қабырға астынан 1-2 см шығып тұрады, 5-7 жастан асқан балаларда ол
қабырға доғасы деңгейінде орналасады. Пальпацияда бауырдың
төменгі
шекарасының
консистенциясы,
пішіні,
ауырсынуы
(қалыптыда – ауырсынусыз, аздап бұрышты, жұмсақ эластикалы)
анықталады.