Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет197/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Тойыну өзгерістері 
Жылдам тойынуды созылмалы гастриті, бауыр және өт жолдары 
аурулары 
бар 
пациенттерде 
байқалады. 
Үнемі 
аштық 
сезімі 
гиперинсулинизм, целиакия, қысқа ішек синдромы бар пациенттерге тән. 
Шөлдеу
Шөлдеу іш өтуі немесе құсу салдарынан сусызданудан, созылмалы 
панкратитте, ҚД және т.б. пациенттерде пайда болады. 
Жоғары сөл бөліну 
Кейде 6 айдан асқан баларларда жоғары сөл бөліну құрт инвазия 
(мысалы, аскаридоз) кезінде, сонымен қатар сөл бездері қызметінің 
компенсаторлы күшеюі салдарынан ұйқы безі ауруларында пайда болады. 


285 
Ауыз қуысындағы ерекше дәм 
Ауыз қуысында ерекше дәм асқорту ағзаларының кейбір ауруларында 
байқалады: қышқыл – гастродуоденитте, ойық жарада; ащы және темір 
дәмі –бауыр ауруларында. 
Жұтыныу бұзылысы 
Жұтыну бұзылысы (дисфагия) көптеген себептерден туындайды: 
мұрын-жұтқыншақ («қасқыр аран», жоғарғы жақ сүйегінің бітпеуі) немесе 
өңеш (атрезиясы, стеноз) анатомиялық ерекшеліктерінен; өңештің әртүрлі 
жүре пайда болған патологиясынан; ісіктердің, ұлғайған лимфа 
түйіндердің, айырша бездің, қалқанша бездің қысуынан өңештен тамақ 
өтуінің 
бұзылысынан; 
бұлшық 
ет 
зақымдалуынан 
(миастения, 
дерматомиозит, жүйелі склеродермия және т.б.); психика бұзылыстарында 
және ОЖЖ патологиясында; жұтқыншақ бұлшықетінің параличінен 
(мысалы, полиомиелитте және күлдік полиневритте). Балаларда жұтыну
бұзылысының 
тағы 
бір 
себебі, 
өңештің 
төменгі 
бөлігінде 
парасимпатикалық түйіннің туа біткен ақауы салдарынан кардиоспазм 
болуы мүмкін. 
3 жасқа дейінгі балаларда дисфагиялар пайда болуы негізделеді: 
- ауыз қуысы және жұтқыншақ дамуының ақауы; 
- өңеш атрезиясы; 
- өңеш стенозы; 
- өңештің аномалиялық тамырлармен қысылуы; 
- неврогенді бұзылыстар. 
3 жастан кейінгі балаларда дисфагиялар пайда болуы негізделеді: 
- рефлюкс-эзофагиті; 
- өңештің бөгде заттары; 
- өңештің тыртықты стриктурасы; 
- көкірек қуысындағы ісікті үрдістер; 
- өңеш веналарының варикозды кеңейуінен; 
- кардиоспазм; 
- жүйкелік-бұлшықеттің бұзылыстар; 
- психогендік факторлар; 
- ауыз қуысының және өңештің қабыну үдерістері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет