284
Асқорыту ағзаларының зақымдалу семиотикасы
Тәбет өзгерісі
Тәбеттің төмендеуі
асқорыту жүйесінің көптеген ауруларында, оның
ішінде гастритте, ойық жарада, бауырдың созылмалы ауруларында,
панкреатитте және т.б. пайда болады. Тәбеттің болмауы (анорексия)
асқорыту жүйесінің патологиясында, психикалық бұзылыстар кезінде
пайда болады, сондай-ақ дұрыс тамақтандырмау және тамақтанбау
себебінен болу мүмкін.
Таңдамалы тәбет
(кейбір тағамдардан жеркену) кейбір тағамдар
құрамын (ақуыз, майлар, көмірсулар) көтере алмауынан пайда болуы
мүмкін. Мысалы, дисахаридтерді (лактоза, сахароза, фруктоза және т.б.)
көтере алмағанда бала сүт тағамдарынан, жемістерден және тәтілерден бас
тартады. Бауыр және өт шығару жүйесі зақымдалған науқастарда майлы
тамаққа жеркеніш пайда болады. Ойық жара кезінде тәбеттің төмендеуі
тамақ ішкен соң ауырсынудың күшеюінен пайда болатын қорқынышпен
байланысты. Асқазанның қышқылдығы жоғарғы балалар әдетте ащы және
тұзды тамақтардан бас тартады.
Тәбеттің жоғарлауы
(полифагия) бойының жедел өсу, жыныстық
жетілу кезеңдеріндегі дені сау балаларда, тәбет төмендеуімен жүретін
аурудан жазыла бастағанда, сондай-ақ созылмалы панкреатит немесе
мальабсорбция синдромы (жіңішке ішекте астың сорылу бұзылысынан)
бар науқастарда болуы мүмкін. Тәбеттің өте жоғарлығы (булимия) ҚД-мен
ауыратын
балаларда,
ОЖЖ
патологиясында,
сондай-ақ
глюкокортикоидтарды,
анаболикалық
стероидтарды
және
т.б.
қабылдайтын балаларда пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: