Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет198/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   315
Кекіру және қыжылдау 
Дені сау сәби балада 
кекіру
ауа жұтып қойғанда (аэрофагия), ересек 
балаларда тамақты асығыс ішкенде және тым артық ішкенде пайда болады. 
Патологиялық жағдайларда кекіру асқазанда ұзақ тұрып қалған тамақтың 
ашу себебінен газдардың көп түзілуімен негізделеді. 


286 
Борсыған дәммен кекіру шіру үрдісінің нәтижесінде пайда болады 
және асқазан қалтқысы стенозына, гастритке тән. Өте қышқыл, күйдіретін 
дәммен кекіру асқазанның қышқылдығы жоғарылағанда пайда болады 
(ойық жарада, гастритте). Ащы дәммен кекіру өттің ұлтабардан асқазанға 
түсетінін айқындайды (асқазан қалтқысы үңіреюі, бауыр және өт 
жолдарының аурулары). 
Қыжылдау
асқазан қышқыл сөлі өңешке өтіп шырышты қабатын 
тітіркендіру себебінен пайда болады, бұл кардиалды сфинктердің 
жеткіліксіздігін білдіреді. Қыжылдау эзофагитте, гастродуоденитте, 
асқазан немесе ұлтабар ойық жарасында, көкеттің өңештік тесігінің 
жарығында, тамақты артық ішкенде және т.б. байқалады. Қыжылдау 
болуына асқазан және іш қуысында қысымы жоғарылауы (асцит, 
метеоризм) жағдайлары келтіреді. 
Жүрек айну және құсу 
Жүрек айну
құсу бастамасы немесе жеке симптом болуы мүмкін. 
Жүрек айну ас қорыту (гастродуоденит, өт жолдарының зақымдануында 
және т.б.) және басқа ағзалардың ауруларында дамуы, сондай-ақ шартты 
рефлекторлық сипатты болуы мүмкін. 
Құсу
(суреттер 9-38, 9-39) – кезбе нерві бойымен әр түрлі 
рефлексогенді аймақтардан (асқазан, өт қабығы, бауыр және өт жолдары, 
ұйқы безі, соқыр ішек, несепағарлар, жұтқыншақ, ішперде, жүректің 
тәждік тамырлары және т.б.) келетін импульстердің құсу орталығын 
тітіркендіргінде, сонымен қатар құсу орталығына тікелей токсикалық әсер 
етуден және ОЖЖ-не әртүрлі патологиялық үдерістер дамуынан пайда 
болатын шартты рефлексті әрекет. 
Балаларда, әсіресе 3 жасқа дейінгі құсудың жиі пайда болуы 
анатомды-физиологиялық ерекшеліктермен негізделеді. Құсу сипаты 
бойынша, оның пайда болу генезін болжауға болады.

Орталық генезді құсу әдетте ОЖЖ патологиясында дамиды. 
Кенеттен жүйке бұзылыстарының шыңында (бас ауыруы, АҚ 
жоғарылауы, көз көруі бұзылыстары және т.б.) жүрек айнуынсыз 
пайда болады. Тамақ ішумен байланысы жоқ, аз мөлшерде, науқас 
жағдайын жеңілдетпейді. 

Рефлекторлық құсу әртүрлі ішкі ағзалардың зақымдалуында 
кенеттен пайда болады, жүрек айнуынсыз және жеңілдік әкелмейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет