287
Сурет 9-38.
1 жасқа дейінгі балалардың құсу себептері
Артық тамақтандыру
Жай немесе
токсикалық
диспепсия
Отит, пневмония
Пилороспазм
Туа біткен
пилоростеноз
Кардиоспазм
(ахалазия)
Кардия жетіспеушілігі.
Асқазан-өңеш рефлюксі
Мекониалді илеус
(муковисцидоз)
Дисахаридті
жетіспеушілік
Бітелу, ішек
инвагинациясы
Инфекциялар
(бактериалды, вирусты
және т.б.)
Дизентерия
Колиэнтерит
Бүйректік құбырлық ацидоз
Даму ақаулары
(атрезиясы, стенозы,
өңеш дивертикулы)
288
Сурет 9-39.
Бір жастан асқан балалардағы құсудың мүмкін себептері
Бүйрек аурулары
Эпидемиялық гепатит
Ацетонемиялық құсу
Уремиялық кома
Диабеттік кома
Жедел азотемия
(эклампсия)
Энтероколит, колит
Неврогенді анорексия
Бактериялық инфекциялар
Аппендицит
Жедел гастрит
ЖРВИ
Панкреатит
289
Асқазандық құсу асқазан ауруына тән. Әдетте тамақ ішкен соң 0,5-
1,5 cағаттан кейін пайда болады; алдында жүрек айныйды. Құсық көп
мөлшерлі, қышқыл иісті, науқасқа уақытша жеңілдік әкеледі (жүрек
айнуы және ауырсынуы азаюына әкеледі).
-
Жиі және аз мөлшерде құсу ерте жастағы балаларды пилороспазмда
пайда болады (кесте 9-2). Кейде көзге көрінетін перистальтиканы
байқауға болады.
-
Пилоростенозға (кесте 9-2 қара) «фонтан тәрізді» құсу тән, құсығы
көп мөлшерлі, шірік иісті және тамақ қалдықтарымен.
Қанды құсық асқазан және ұлтабар эрозиясында және ойық
жарасында, өңеш пен асқазан кеңейген веналарынан қанағуында
пайда болады. Аздаған қансырауда құсықтың түсі тұзқышқылды
гемотиннің (асқазан сөлі тұз қышқылының әсерінен Hb-нен түзіледі)
болуынан қара-қоңыр («кофе тұнбасы»). Көлемді қансырағанда қан
ұйындысымен «аузын толтырып» құсады. Мұндай қансырау көзі
порталды гипертензиясында өңеш немесе асқазанның кардиальды
бөлігінің варикозды кеңейген венасы болуы мүмкін.
Дивертикулда, ахалазияда және өңештің төменгі бөлігінің
тарылуында құсу тамақ ішіп болысымен пайда болады, аз көлемді,
құсық құрамы қорытылмаған тамақтан тұрады.
Ішек түйнелуінде құсық әртүрлі құрамды: жоғарғы түйнелуде
құсық асқазандағы заттар өтпен аралас, орта түйнелуде – қоңыр түсті
және нәжіс иісті, ол кері перистальтика толқыны және ішектегі
заттардың асқазанға түсімен (нәжістік құсу) негізделеді.
Құсық өтпен араласуы өт жолдары және ұйқы без аурулары,
ұлтабар аномалиялары кезінде болады.
Ацетонемиялық құсу (құсықтан ацетон иісі шығады) ерте жастағы
балаларда пайда болады. Әдетте бірнеше рет құсады және су-тұз
алмасуының және қышқылдық-сілтілік жағдайдың бұзылуымен
жүреді.
Руминация (сағыз) – әлсін-әлсін жұтқан және лоқсыған тамағын көп
ретті қайта шайнау. Жүрек айнуы жоқ. Руминацияның бірнеше рет
қайталануы невроз көрінісі болуы мүмкін.
|