Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет216/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
Зәр шығару актісі 
Қуықтың босауы рефлекторлы жүреді. Нәрестеде зәрдің шығуы 
еріксіз. Зәрдің шығуын шартты рефлекторлы тежеу бала тәрбиесінде 
қалыптасады. Зәр шығаруын өздігінен реттеу баланың 1 жастың соңына 
қарай қалыптасады. Екінші жасында бұл мүмкіндік тұрақталады. Бірақ 
бала қобалжығанда, қызықты ойын кезінде еріксіз зәр шығуы кейбір 3 
жасқа дейінгі балаларда, ұйқы кезінде – 5 жасқа дейін байқалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


318 
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
Зәр шығару ағзаларының зерттеуі баладан және ата–анасынан 
сұрастыру, қарау, пальпациялау, перкуссиялау, зертханалық және 
аспаптық зерттеулер арқылы жүргізіледі. 
 
Сұрастыру 
Баладан және ата-анасынан сұрастыру жүргізгенде шағымдарын және 
көңіл-күй бұзылысын белсенді анықтау қажет. 

Іштің, бел тұсының ауырсынуын. Балалардың ауырсыну аймағын 
нақты білмеуіне көңіл аудару қажет. Сау жағының ауырсынуы 
рефлекторлы болуы мүмкін. 

Дизуриялық бұзылыстар: жиі немесе сирек зәр шығуы, зәр шығу 
кезінде ауырсыну, зәрді ұстай алмау не еріксіз шығуы, энурез. 

Бетінің, аяғының ісінуі. Кейде ата-анасы бала салмағын күрт 
қосқанымен шатастырады. 

АҚ жоғарылауы, кейде бастың аурумен, бас айналуымен, жүрек 
тұсының ауырсынуымен жалғасады. 

Зәр түрінің өзгеруі (мөлдір емес, тұнба түсуі, түс өзгеруі). 

Себепсіз температурасының фебрильдіге дейін көтерілуі немесе ұзақ 
субфебрильді. 

Көру, есту бұзылысы. 

Диспепсиялық бұзылыстар (жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, іш 
өтуі), шөлдегіштік, қышыну. 

Әлсіздік, солғындық, тез шаршағыштық, жайсыз сезіну, адинамия, 
арықтау. 
Міндетті түрде өмір анамнезін, ауру анамнезін, жанұя анамнезін 
анықтау қажет: 

қашан шағымдана басталды; 

өткізілген анализдердің нәтижелерін; 

жүргізілген ем және оның нәтижесін; 

жақын туыстарында зәр шығару жүйесінің ауруы бары жоғын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет