315
құбырлардың жетілмегендігінен, ферменттер белсенділігінің төмендігінен,
сутегі және аммоний иондарының өнуі және секрециясы шектелген, сілтіні
үнемдеу механизмі жұмыс атқармайды.
Ерте жастағы балалар бүйрегінің
концентрациялық функциясы
төмен, оның себебі: антидиуретикалық гормон түзілуі
жеткіліксіз,
реттеуші
механизмнің жетілмеуі,
нефрон ілмегінің қысқалығы,
дистальды
құбырлар
эпителиінің
функционалдық
жетіспеушілігі,
шумақ
фильтрациясының төмендігі (және соған
сәйкес құбырлар толуының
төмендігі) және т.б. Осыған байланысты нәресте зәрінің тығыздығы төмен.
Ересектердей балалар бүйрегінің көнцентрациялық мүмкіндігі 9-12 айға
қарай жетіледі.
Ағзаға шамадан тыс күш түспегенде ғана нәресте бүйрегі гомеостазды
қамтамасыз етуге қабілетті. Бүйректің
оптимальды гомеостатикалық
функциясы 10-11 жаста тұрақталады.
Достарыңызбен бөлісу: