Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет214/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   315
балалардың 
әртүрлі 
ауруларында ацидоздың жылдам дамуына әкеледі.
 


 
316
Зәр шығару жолдары 
Сәбилердің зәр шығару жолдары, олардың іргесінің бұлшықеттерінің 
және эластикалық тіндерінің жеткіліксіз дамуымен ерекшеленеді. 
Бүйрек астаулары
үлкендердікінен салыстырмалы кең және 5 жасқа 
дейінгі балаларда көбіне бүйрек ішінде орналасады, өйткені бүйрек синусы 
анық емес. Несепағарлары олардан тікбұрышта шығады. 
Несепағарлары
салыстырмалы ұзын, кең, гипотониялы, жиырылу 
қабілеті төмен, иірілмелі, бүгілістері бар. Несепағардың дистальді бөлігі 
(қуық іргесінде, шырыш асты қабатта жатқан) өте қысқа, бала өсе келе 
ұзарады, 10-12 жаста ең жоғарғы ұзындығына жетеді. 
Сәби баланың 
қуығы
үлкендерге қарағанда жоғары орналасқан 
(симфиз үстінде), өсе келе кіші жамбасқа біртіндеп түседі. Іш қуысының 
алдыңғы іргесі ішпердемен жабылмаған, іш қуысының алдыңғы іргесіне 
жақын жатады. Қуық овал пішінді, шырышты қабаты қалың, нәзік, 
борпылдақ, қанмен қамтамасыз етілуі жақсы. Несепағар тесіктерінің 
маңайында бұлшықеттері әлсіз дамыған, сондықтан несепағар сағасы 
ашық. Қуықтың физиологиялық сыйымдылығы нәрестеде 50 мл, 1 жаста – 
100 мл, 5-9 жаста 150-200 мл, 12-14 жаста 300-400 мл. 
Зәр шығару каналы
(уретра) ер балаларға қарағанда қыз балаларда 
барлық жас кезеңдерінде қысқа және кең. Оның иілімі үлкендерге 
қарағанда басым. Осыны қуық катетеризацияда және цистоскопияда 
ескерген жөн. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ерте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет