346
Баланы арқасына жатқызып терең пальпация жасау: бүйректің
ұлғайюын, ығысуын (қозғалғыштығын), консистенциясын, беткейін (тегіс,
кедір-бұдыр) ауырсынуын анықтау.
Несепағар проекциясының нүктелерін (ауырсыну болуы), қасаға үстін
пальпациялау.
Бел тұсында екі жақты ұрғылау симптомын тексеру (ауырсыну).
Зәр шығару: еркін, жиі, сирек, жоқ, ауырсынумен.
Зәрдің тәулігіне шығу саны, көлемдері аз, көп. Диурез.
Зәрдің түсі: ақшыл-сары, сыра түстес, «ет жуындысы» және т.б.
«Зәр шығару жүйесі» тарауына тесттік тапсырма
1.
Дені сау 7 жасар баланың тәуліктік диурезі:
A.
400 мл;
B.
600 мл;
C.
800 мл;
D.
1200 мл;
E.
1500 мл.
2.
Балабақшадағы ойын-сауықта белсенді, көңіл-күйі жақсы 2 жас
6 айлық балада бір рет еріксіз зәр шығып кеткен, бұрын мұндай
жағдай байқалмаған. Осы жағдайды қалай бағалауға болады:
A.
жедел цистит;
B.
жедел пиелонефрит;
C.
қуықтың нейрогенді дисфункциясы;
D.
физиологиялық ерекшелік.
3.
5 күндік баланың жаялығында әр зәр шығаруында қызғылт-
кірпіш түстес дақ қалады. Жиналған зәрі лайланған, біраз тұрған соң
қызғылт-қоңыр тұнба пайда болды, зәр анализінде: ақуыз жоқ,
лейкоциттері 2-3 көру алаңында, эритроциттер 0-1 көру алаңында.
Бұл балада:
A.
жедел пиелонефрит;
B.
бүйректің зәрқышқылды инфарктісі;
C.
жедел гломерулонефрит;
D.
нефролитиаз;
E.
бүйрек ісігі.