Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет236/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   315
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


344 
Ауырсыну синдромы 
Бүйрек ауруларындағы ауырсынудың негізгі үш себептің салдарынан 
дамуы мүмкін: бүйрек қабының созылуы, шырышты қабаттың қабынулық 
ісінуі және/немесе бүйрек түбегінің кеңеюі, зәр шығару жолдарының 
спазмы. 

Бүйрек қабының созылуы бүйректің паренхиматозды ауруларында 
(гломерулонефрит, амилоидоз, және т.б), іркілісті жүрек жеткіліксіздігі 
бар ауруларда пайда болады. Бұл кезде ауырсыну интенсивті емес
тұйық, тұрақты болады. Сонымен бірге бүйрек инфаркты кезінде 
ауырсыну жедел пайда болып, өте айқын болуы мүмкін. 

Түбек 
зақымдалуында 
(пиелонефрит) 
ауырсыну 
интенсивті, 
өршімелі болуы мүмкін. 

Бел тұсының және несепағар бойымен өткір, ұстамалы, өте 
интенсивті ауырсыну (бүйрек коликасы) зәр-тас ауруына тән. 
Зәр шығару кезінде бел тұсының және іштің бір жақ жартысының 
ауырсынуы қуықты-несепағар рефлюксіне тән. Қуық тұсының ауырсынуы, 
оның патологиясында және циститте, тас пайда болғанда, зәр шығару 
тежелуінде пайда болады. Зәр шығару өзегінің ауырсынуы оның 
қабынуымен байланысты. 
Артериалық гипертензия 
Балаларда 
бүйрек 
аурулары 
АГ 
жиі 
қосарланады. 
Бүйрек 
паренхимасы зақымдалуы мен қан тамырлары тарылуы кезінде, бүйрек 
қанайналымы 
бұзылып, 
ренин-ангиотензин-альдостерон 
жүйесінің 
белсенділігін тудырады. Соның нәтижесінде шеткі қан тамырларының 
қарсыластығы артып, натрий йондары мен судың шығарылуы тежеледі де,
жүректен қанның айдалуы артып, айналымдағы қан көлемі ұлғаяды. 

Паренхиматозды бүйректік АГ бүйрек паренхимасы диффузды 
зақымдалуында 
пайда 
болады: 
жедел 
және 
созылмалы 
гломерулонефритте, интерстициалды нефритте, туа біткен бүйрек 
аномалиясында, амилоидозда, бүйрек ісігінде, бүйрек жарақатында және 
т.б 

Вазоренальды АГ-ы бүйрек артериясының стенозы, бүйрек 
артериясының көп болуы, бүйрек венасының аномалиясы, бүйрек 
артериясының және венасының тромбозы немесе аневризмасы, бүйрек 
артериясының 
закымдануымен 
жүретін 
аортоартериит 
немесе 
ювенильды полиартериит және т.б. тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет