Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет237/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   315
Бүйрек жеткіліксіздігі 
Бүйрек жеткіліксіздігі – бұл бүйректің әртүрлі заттарды: суды, калий, 
натрий иондарын, азот құрамды заттарды (креатинин және несепнәр), орта 
молекулярлы токсиндерді ағзадан шығару мүмкіншілігі азайғанда пайда 
болады. 


345 
Бүйрек жеткіліксіздігінің клиникалық симптомдары: 

гипергидратация; 

гиперкалиемия; 

уремия. 
Бүйрек жеткіліксіздігі негізінде үш фактордың қарым-қатынасы 
жатыр: 

бүйрек тамырлары арқылы қан перфузиясы төмендеуі, 

оларда микроциркуляцияның бұзылысы және тосқауылы, 

бүйрек құрылымы дәнекер тінге ауысуы. 
Парциалды
уақытша бүйрек жеткіліксіздігі бүйрек қанайналымының 
төмендеуі немесе бүйрек шумақтарында қан айналымының бұзылысымен 
байланысты бүйректің заттарды (әдетте суды) ағзадан шығаруының 
төмендеуімен сипатталады. Бұл келесі жағдайларда дамиды: 

гиповолемиялық жағдайда (көп физикалық жүктеме, диарея, құсу, 
қызба); 

жүректің насостық қызметі төмендеуінде; 

гипертониялық криздегі вазоконстрикцияларда; 

паропротеинемия кезінде қанның тұтқырлығы жоғарылауында. 
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
– нефрондар зақымдалуынан бүйрек 
функциясының бұзылысы, клиникалық көрінісі олигуриямен сипатталады. 
Мұндай жағдай иммундық ауруларда, сепсис және ауыр инфекциялар
гемолиз, шоктық жағдайлар, күйік, үсіну, массивті гемотрансфузия және 
т.б 
аясында 
дамынған 
диссеминирленген 
қантамырішілік 
ұю 
синдромында; 
бүйрек 
тамырларының 
тромбозында 
және 
тромбоэмболиясында; нефротоксикалық заттар әсер етуінде, несепағар 
бітелуінде пайда болады. 
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
нефрондардың және басқа 
бүйрек тіндерінің функциясының қайтымсыз бұзылуынан дамитын жағдай, 
бұл кезде диурез ауру кезеңіне байланысты қалыпты, жоғары болуы 
мүмкін, ал терминалдық кезеңде олиго- немесе анурия дамиды. 
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі жылдам прогрессті және созылмалы 
гломерулонефриттерде, 
бүйрек 
құрылысы 
аномалиясы 
салдарынан 
дамыған 
созылмалы 
пиелонефриттерде, 
дәнекер 
тіннің 
жүйелі 
ауруларында дамыған нефриттерде, амилоидозда, т.б. жағдайларда 
дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет