Тарау 11
Қан және қантүзу жүйесі
Қан - ағзаның барлық дерлік жасушаларын қоректендіретін сұйық тін,
оларды
оттегімен қанықтырады, барлық зат алмасу түрлерімен
қамтамасыз
етеді;
құрамында
фагоциттер,
иммундық
денелер
болғандықтан қорғаныс функциясын атқарады.
Қан плазмадан және формалық элементтерден - эритроциттерден,
лейкоциттерден, тромбоциттерден тұрады.
Қантүзу
Қантүзу,
яғни
гемопоэз
-
қанның
формалық
элементтерін
қалыптасытыру және әрі қарай оларды жетілдіру үрдерісі.
Ұрықтың құрсақ ішілік дамуында қан түзілуі бірінен соң бірі ретімен
ауысып отыратын үш кезеңнен тұрады:
1 - эмбриональды (мегалобластикалық); кезең, 2
апталық ұрықта,
саруыздық
қалташаның
қан
аралшықтарында
мегалобласттардың
(біріншілік эритробласт) түзілуінен басталады,
бұл ядросы бар және Hb-
нің эмбрионалдық типті жасушалары болып табылады.
2 – бауырлық; кезең гестацияның 7-ші аптасында басталып, 5 айында
шыңына жетеді. Бауырда эритробласттар және эритроциттер түзіледі.
Гестацияның 3-4 айында гемопоэзге көкбауыр қосылады. Онда эритро-,
грануло - және мегакариоцитопоэз жүреді.
Белсенді лимфопоэз
көкбауырда құрсақішілік дамудың 20-шы аптасыннан басталады.
3 - сүйек кемігі (медуллярлық); кезең гестацияның 4-5 айында
басталады, біртіндеп ол негізгі қан түзу жүйесіне айналады.
Достарыңызбен бөлісу: