372
5. 5 жасар баланың анасы баланың тәбетінің төмендігіне, жылдам
шаршағыштығына шағымданып, емханаға келген .Қан анализі
жасалған. Дәрігердің көңілін аударған көлем:
1. Эритроциттер – 3,1*10
10
/л
2. Сегментті ядролы нейтрофилдер - 44%
3. Нв – 91 г/л
4. Лимфоциттер
6. 3 жасар баланы аденотомияға дайындау үстінде. Қан анализі
жасалған. Отоларинголог ота жасаудан бас тартып, ауруды педиатрға
жіберген.
Төменгі
көрсеткіштердің
қайсысы
отоларингологты
күмәндәндырған?
1. Тромбоциттер саны -219,2*10
9
/л
2. Лимфоциттер саны - 49%
3. Қан ағу ұзақтығы – 3'15''
4. Қанның ұю уақытысы басталуы - 6'30'', аяқталуы - 11'00''
Жауаптар: 1-Е; 2-Е; 3-А,С; 4-В,Д; 5-А,С; 6-Д.
Тарау 12
Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе, жасушалары ерекше биологиялық белсенді затты -
гормондарды түзетін және ағзаның ішкі ортасына енетін ,
нысаналы -
жасушылардың рецепторларымен қарым- қатынаста болатын , олардың
функционалдық
белсенділігін, реттейтін ішкі секреция бездерінің
бірлескен жүйесі.
Эндокриндік жүйе ағзаларын төмендегі топтарға бөледі: (12-1 сурет)
- гипоталамо- гипофизарлық жүйе ( гипоталамустың нейросекреторлық
нейроны
және
аденогипофиз).
-
Ми
қосалқылары
(
нейрогипофиз
және
эпифиз)
-
Бронхиогенді топ , жұтқыншақ қалталарының эпителиінен дамушы (
қалқанша, қалқанша маңы және айыр бездер).
- Бүйрекүсті ( бүйрекүстінің қыртысы және милы заттары).
- Ұйқы безінің Лангерганс аралдары.
- Жыныс безінің эндокриндік жасушалары ( аталық және аналық
бездер).
- Диффузды эндокринді жүйе ( АҚЖ тыныс алу жүйесінің, т.б.
жүйелердің эндокриндік жасушалар).
Эндокриндік жүйенің функциясы – ағзаның түрлі жүйелерінің
қызметін, метаболикалық үрдісін, өсуін, дамуын, көбейуін,
бейімделуін,
тәртібін реттеуші.
Эндокриндік жүйенің әрекеті иерархиялық принципте құрылған
(шеткі тізбектің орталыққа бағынуы), « вертикальды түзу және кері
байланыс»,
шеткі
гормон
синтезі
жетіспегенде,
стимулдеуші
гормондардың секрециясының күшейуі, шеткі
бездердің горизонтальды
торының өзара бірігіп әректтеуі, жеке гормондар синергизмі және
антогонизмі, реципрокты ( қарама-қарсы ) аутореттеу.
Достарыңызбен бөлісу: