374
-
Аксовазальды
синапстар
(
гипофиздің
артқы
бөлігінің
капиллярларына АДГды
және окситоцинды секрециялау, орталық дөңес
капиллярларына рилизинг- гормондарды секрециялау );
-
Орталық дөңес және гипофиздің алдыңғы
бөлігінің арасындағы
порталдық қанағу жүйесі.
Гипоталамус
Гипоталамус аралық мидың төменгі бөлігінің құрамына жатады және
үшінші қарынша түбін құрайды.
Нерв жасушаларының жиынтығы
гимоталамус ядросының Нерв жасушаларының жиынтығы гимоталамус
ядросының 32 қосағын түзеді. Гипоталамус ядросының гормон түзуші
нерв жасушаларында рилизинг –гормондар ( стимуляциялаушы факторла –
либерин, ингибирлеуші- статин) түзіледі,
олар гипофиздің алдыңғы
бөлігінің капиллярларына түседі, сонымен қатар АДГ және окситоцин (12-
1 кесте) түседі.
375
Кесте 12-1.
Гипоталамус гормондары
Гормон
Әрекеті
Тиреолиберин
ТТГ және пролактин секрециясын күшейтеді.
Гонадолиберин
Гонадотропиндер секрециясын жоғарлатады.
Кортиколиберин
АКТГ, меланотропиндер және в-
липотроприннің секрециясын жоғарлатады.
Соматолиберин
СТГ секрециясын жоғарлатады.
Соматостатин
СТГ, инсулин және басқа гормондар
секрециясын төмендетеді.
АДГ ( вазопрессин)
Бүйрек құбырларының дисталды бөлігінде
судың реабсорбциясын күшейтеді, ағзаның су
балансын реттейді, тамырда жиыру әсері бар,
гликогенолизді стимуляциялайды,
тромбоциттер агрегациясын жоғарлатады.
Окситоцин
Жатырдың тегіс бұлшықет жасушаларының
жиырылуын ( әсіресе босану кезінде) және сүт
безінің миоэпитиальды жасушаларының
жиырылуын тудырады, сүттің шығуына әрекет
етеді.
Дофамин
Пролактин түзілуін азайтады.
Гипоталамус белсенділігін мидың жоғарғы бөліктері, сондай- ақ
бірқатар гормондар қадағалайды.
Гипофиз
Гипофиз түрік ершігінде орналасқан- бас сүйегінің негізінде жіңішке
аяқтары
гипоталамуспен
жалғасқан.
Гипофиз
гистологиялық
аденогипофизге және нейрогипофизге бөлінеді.
Аденогипофиз алдыңғы және аралық бөліктен,
сонымен қатар
гипофиз
аяғының
құрамындағы
тубулярлық
бөліктен
құралады.
Аденогипофиз жасушалары пептидті негіздегі 6 тропты гормондарды
секрециялайды. (12-2 кесте, 12-2 сурет)
Гтпофиздің алдыңғы бөлігінің хромофильды
жасушалары АКТГдан
басқа, меланотропиндерді (α-,β және γ) және β эндорфинді синтездейді.
Меланотропиндер тері мен шырышты қабаттың пигментациясын
қадағалайды
(α-
меланокортин
терідегі
эумелонин
синтезін
стимуляциялайды),
γ
меланокортиннің
альдостерон
синтезін
стимуляциялайтыны анықталған.
Аденогипофиздің
секреторлық
белсенділігі
гипоталамуспен,
бірқатар гормондармен және басқа факторлармен қадағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: