Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет57/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

87 
Кесте 5-1.
Балалар терісінің функционалдық ерекшелігі 
Фунция атауы 
Балалардағы ерекшелігі 
Қорғаныс
Балаларда, әсіресе ерте жаста, эпидермистің мүйіздік қабаты 
жұқа, ал оның кератинделуі және дермамен байланысы 
жеткіліксіз болғандықтан қорғаныс функциясы жеткіліксіз 
Дерманың дәнекер тіні әлсіз дамыған; бездерінің жетілмеуінен 
тері құрғақ, ал оның рН-ы нейтральдыққа жақын; жергілікті 
иммунитет әлсіз 
Пигмент түзушілік 
Өмірінің алғашқы айларында (кейде жылдарында) 
меланокартин өндіруші төмен, сондықтан меланоциттердің 
стимуляциясы жеткіліксіз 
Резорбциялық
Мүйіздік қабаттың жұқалығынан және қан тамырларының 
көптігінен бұл функция жоғары. Сондықтан гормоналды 
майларды не құрамында токсикалық заттары көп майларды 
жергілікті қолданғанда айқын жүйелік әсер етуі мүмкін 
Шығарғыш 
Тер шығарумен байланысты, шығарғыш функциясы 
жетілмеген 
Термореттеушілік 
Жеткіліксіз не төмен. Өмірінің алғашқы айларында жылу беруі 
жылу шығарудан басым, себебі дене беті салыстырмалы үлкен, 
өте жақсы васкуляризацияланған, тікелей булануы 
айтарлықтай және мидағы термореттеуші орталығы 
жетілмеген. Сондықтан бала денесі жылдам қызады немесе 
суиды, сол себепті балаға оптимальды температуралық жағдай 
жасау қажет. 
Тыныстық 
Эпидермис қабатының жұқалығынан және қан тамыр 
капиллярлар торының байлығынан үлкендерге қарағанда, 
бірнеше есе күштірек 
Синтетикалық 
3-4 аптадан бастап толыққанды. Табиғи не жасанды 
ультракүлгін сәулесінің әсерінен теріде Д
3
дәрумені
синтезделеді 
Тері сезім ағзасы 
ретінде 
Мұндай қызметті тері туғаннан бастап жақсы атқарады. Тері 
жамылғысын тітіркендіру арқылы нәрестенің барлық 
рефлекстері зеттеледі. Көру және есту ағзаларының 
сарапталуы жеткіліксіз болғандықтан, бала өмірінің алғашқы 
айында анасын тактильді қабылдау арқылы таниды. Сонымен 
қатар теріні тым артық тітіркендіру (мысалы, сулы және кір 
жаялық) баланың мазасыздығын, ұйқысының бұзылуын және 
тәбетінің төмендеуін тудырады 


88 
Сонымен 
бала 
терісі, 
әсіресе 
өмірінің 
алғашқы 
жылында, 
инфекцияларға, 
химиялық 
және 
физикалық 
тітіркендіргіштерге, 
атмосфералық факторлар әсеріне, ысу және тоңуға өте сезімтал. Теріс 
химиялық 
субстанциялардың 
енуінен 
әлсіз 
қорғанған, 
жеңіл 
мацерацияланады. Терінің анатомды-физиологиялық ерекшеліктері мұқият 
гигиена 
ұстауын, 
аяулауыш 
температуралық 
режим 
сақталуын, 
тітіркендіргіш және токсикалық заттарды қолданбауды, т.б қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет