Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет52/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   315
 
Зақымдалу семиотикасы 
Балаларда туа біткен құлақ қалқаны құрылымының ерекшеліктері 
және туа біткен сыртқы құлақ ақаулары кездеседі. 
Құлақ қалқаны 
құрылымының туа біткен ерекшеліктеріне
жатады:
-
макротия (құлақ қалқаны тым үлкен); 
-
микротия (құлақ қалқаны кішірейген); 
-
«сатир құлағы» (құлақ қалқаны жоғары созылған); 
-
«макака құлағы» (құлақ иірімдері жазыңқы). 
Құлақ қалқанының деформациясы және өзгеше көрінісі тұқым 
қуалаушы патологиясымен қосарланады («Баланы жалпы қарау» тарауын 
қараңыз).
Преаурикулярлы папиллома
– құлақ бүртігі алдында, әр дәрежеде 
тері қабатынан шығыңқы тұратын тері өзгерісі. 
Туа біткен жыланкөздер
бірінші желбезек саңылауының бітпеуінен 
пайда болады, құлақ бүртігінен жоғары құлақ қалқаны иірілімінің өрлеме 
бөлігінде орналасады. Құлақ жыланкөзі біржақты және екіжақты болуы 
мүмкін. Жыланкөзден ақ сүзбе тәріздес ақ масса бөлінеді. Іріңдеген кезде 
жыланкөз айналасында терінің қабыну пайда болады және ірің бөлінеді. 
Мастоидит
емізік тәріздес өсінді тұсында терінің ісінуі және 
тығыздалуымен байқалады. Жедел мастоидитте құлақ сырғалығы алға 
ығысады, ал сыртқы есту жолы тарылады.
Балалық кезде жиі 
сыртқы есту жолында бөгде заттар
табылады 
(құлақтан іріңді немесе серозды бөлінділер пайда болады). 
Сыртқы есту жолының сыздауығы кезінде
құлақ қалқанын сәл 
ығыстырғанда не басқанда қатты ауырсыну байқалады. 
 


 
 
 
81 
Саңыраулық
туа біткен және пайда болған болуы мүмкін. Туа біткен 
саңыраулықтың себебіне құрсақішілік инфекция, орталық және шеткі есту 
анализаторларының даму ақауларын қарастыруға болады. Пайда болған 
саңыраулық, естуді толық жоғалтуға дейін, ортаңғы құлақтың ауыр 
қабынуында, энцефалитте, менингитте, құлаққа токсикалық әсерлі 
антибиотиктардың артық дозасы берілгенде пайда болуы мүмкін.
Сыртқы есту жолдарында кейде тығыз құлақ бұлығы пайда болады, 
оны алып тастау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет