Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет54/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
ТЕРІНІҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ 
 
Тактильді сезімталдық (сезім түйсігі)
барлық басқа сезімдер түрінен 
бұрын дамиды. Нәресте терісіне жанасқанда жалпы реакциямен жауап 
береді – қозғалыс белсенділігі жоғарылайды. Өмірінің екінші жартысында 
реакциясы эмоциямен жалғасады – күледі, жылайды. 7-8 айында бала 
«тітіркенген» жерін анық көрсете алады.
Ересектеу жаста жанасымды сезімін терісіне мақтаны немесе 
қылқаламды жанастыру арқылы тексереді. Баладан көзін жұмуын талап 
етеді және жанасу санын санауды сұрайды. 
Ауырсыну сезімі. 
Басында баланың ауырсыну тітіркендіргіштерге 
реакциясы генерализацияланған сипатта. Нәрестелерде әр түрлі ересек 
балаларға қарағанда, ауырсыну сезімінің межесі айтарлықтай жоғары. 
Ауырсыну нүктелерін ажырату қабілеті 7-8 жаста пайда болады.
Инені шаншығанда (ауырсыну сезімін зерттегенде) ерте жастағы бала 
мазасыздықпен не айғаймен жауап береді. 
3 жастан асқан баланың көзін жұмуын сұрап, инемен шаншу немесе 
доғал заттың ұшымен жанастыруды кезекпен жүргіземіз. Бала жанасудың 
ерекшілігін «өткір» немесе «доғал» деп ажыратады.
Температураны 
сезу. 
Бала 
нәрестелік 
кезеңінен 
бастап 
температуралық 
тітіргендішке 
сезімтал, 
қоршаған 
ортаның 
температурасының жоғарылығына қарағанда, суыққа сезімталдығы 
айтарлықтай жоғары.


83 
Температуралық сезімді бала терісіне жылы және суық су құйылған 
пробиркаларды кезекпен терісіне жанастыру арқылы анықтайды. Ерте 
жастағы балалар сезімін қозғалыс мазасыздығымен немесе жылаумен 
білдереді, ересек балалар «жылы» немесе «суық» деп жауап береді.
Бұзылыстар анықталған жағдайда невролог консультациясы қажет. 
Ауру тарихынан фрагмент


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет