Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет58/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   315
Май бездері 
Май бездерінің функциясы құрсақішілік мерзімде басталады, олардың 
сөлі ұрық денесінің терісін жауып тұратын, ірімшікті жақпаны түзеді. 
Жақпа теріні қағанақ суының әсерінен қорғайды және ұрықтың туу 
жолдарынан өтуін жеңілдетеді. 
Өмірінің бірінші жылында май бездерінің функциясы белсенді, 
кейіннен секрециясы азаяды, бірақ пубертаттық кезеңде қайта көбейеді. 
Ересек балаларда олар мүйіздік тығындықтармен бекітіп, безеу дамуын 
туындатады. 
Тері бездері 
Туу кезіне эккринді тері бездері аяғына дейін қалыптаспаған, олардың 
шығару өзегі жеткіліксіз дамыған және эпителиальды жасушалармен 
жабылған. Тердің шығуы 3-4 аптадан соң басталады. Алғашқы 3-4 ай айда 
бездер функциясы толық емес. Ерте жастағы (3 жасқа дейін) балаларда, 
ересек балаларға қарағанда дене қызуы өте жоғары болған кезде шығады. 
Тері бездерінің, вегетативті нерв жүйесінің және мидағы термореттеуші 
орталықтың дамуына қарай тері шығару үрдісі жетіле береді, ал тер 
шығару шегі төмендейді. 5-7 жаста бездер толық қалыптасады, ал тердің 
адекватты шығуы 7-8 жаста пайда болады. 
Апокринді тері бездерінің қызмет атқаруы тек жыныстық жетілу 
кезеңінен басталады. 
Шаштар 
Біріншілік шаштар туу алдында және туған бетте түктерге ауысады 
(қас, кірпік және бас бөлігіндегі шаштан басқасы). Жетіліп туған нәресте 
шашының өзегі жоқ, ал шаш фолликуласы толық жетілмеген, сондықтан 
іріңді сыздауықтар қалыптаспайды. Тері, көбінесе иық пен арқада түкті 
шаштармен (
lanugo
) жабылған, әсіресе шала туған балаларда. Қас пен 
кірпіктер толық дамымаған, кейін олардың өсуі жеделдейді. Шаштың 
толық дамуы жыныстық жетілу кезеңінде аяқталады. 


89 
Тырнақтар 
Жетіліп туған нәрестелердің тырнақтары жақсы дамыған және саусақ 
ұшына жетеді. Өмірінің алғашқы күндері тырнақ өсуі уақытша тежеледі
тырнақ пластинкасында физиологиялық деп аталатын сызық пайда болады. 
Өмірінің 3-ші айында ол тырнақтың бос шетіне жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет