Оқулық «гэотар-медиа»


серпімділігін зерттегенде



Pdf көрінісі
бет65/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   315
серпімділігін зерттегенде
, теріні 
басбармақ 
пен 
сұқсаусақпен 
май-шел 
қабаты жұқалау жерде қатпарлап жинайды: 
кеуде қуысының алдыңғы жағында қабырға 
үстінде, 
алақан 
сыртында, 
шынтақ 
бүгілісінде (сурет 5-21). 
Егер саусақтар арасында жиналған 
терідегі ұсақ қатпарлар бірден жазылып, ақ 
жолақ 
қалдырмаса, 
тері 
серпімділігі 
қалыпты деп саналады. Ірі қатпарлардың 
жай жазылуы және оның орнында ақ жолақ 
пайда 
болуы 
тері 
серпімділігінің 
төмендегенін көрсетеді. 
 
АРНАЙЫ СЫНАҚТАР 
Қан тамырлары іргесінің жағдайын бағалау 
Қан тамырлары іргесінің жағдайын үш симптом негізінде анықтауға 
болады. 

Бұрау симптомы: иықтың ортаңғы бөлігіне артериялық ағысты 
бұзбай, веналық ағысты тоқтату үшін резеңке бұрау салынады (кәрі 
жілік артериясында пульс сақталуы керек). 3-5 минуттан соң тамыр 
өткізгіштігі жоғары болған жағдайда шынтақ бүгісінде және 
жіліншікте петехиальді бөртпе пайда болады. Шынтақ бүгіліс 
аймағында бестен көп петехиальды элементтер пайда болған жағдайда
патологиялық деп есептеледі. 


99 

Шымшу симптомы: кеуде қуысының алдынан не жанынан, екі 
қолдың бас бармақтары мен сұқ саусақтарының арасында теріні 
қатпарландырып (екі қолдың саусақтар арасы – 2-3 мм), оның 
бөліктерін қатпарға көлденең, қарсы бағытта ығыстырады. Қан 
тамырларының өткізгіштігі жоғары болса, шымшыған орнында қан 
құйылулар пайда болады. 

Балғалық симптомы: ауырсыну тудырмай төс тұсын балғашықпен 
ұрғылау керек. Бала терісінде геморрагия пайда болса симптом оң деп 
есептеледі. 
Демографизмді зерттеу 
Тері қантамырларының тонусын бағалау үшін жергілікті демографизм 
зерттеледі. Ол үшін саусақтың тырнақ ұшымен сәл басыңқырап кеуде 
немесе іш терісіне бірнеше штрих жасалады. Қалыптыда 5-20 сек кейін 
симпатикалық әсерді сипаттайтын ақ жолақ пайда болады (ақ 
демографизм). 
1-10 
минуттан 
соң 
ол 
парасимпатикалық 
әсерді 
сипаттайтын қызыл жолаққа ауысады (қызыл демографизм) және 2 
сағаттан артық сақталмайды (сурет 5-22). 
Демографизм түрлерінің пайда болу не сақталу уақытының өзгерістері 
болған жағдайда симпатикотония не ваготония туралы айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет