Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет82/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
122 
Кесте 5-12.
Балалардың тері қатпарының қалыңдығы (А.Қ. Мазурин және 
И.М. Воронцов бойынша, 2000) 
Жасы 
Тері қатпарының қалыңдығы, мм 
Трицепс үстінде 
Жауырын астында 
Ер балалар 
Қыздар 
Ер балалар 
Қыздар 
2 ай
5,5-9,6 
6,4-10,0 
5,2-9,8 
5,6-9,4 
6 ай 
8,4-15,0 
8,0-14,2 
6,2-12,3 
6,4-12,0 
1 жас
8,2-15,4 
8,1-15,8 
5,8-12,0 
5,8-11,0 
6 жас 
6,0-11,8 
6,9-14,0 
3,9-7,5 
4,3-9,6 
9 жас 
5,6-13,2 
7,1-17,5 
4,0-8,8 
4,5-13,9 
12 жас 
5,8-17,6 
7,4-20,2 
4,5-14,6 
5,5-18,5 
15 жас 
5,2-15,0 
8,8-22,5 
5,2-13,5 
7,6-20,5 
Объективті теріасты май-шел қабатының қалыңдығын циркуль-
калипермен бицепс, трицепс үстінен, жауырын астынан және мықын 
сүйегі үстінен өлшеп, төрт тері қатпарының қосындысы анықталады. 
Алынған санды берілген қалыпты көрсеткішпен салыстырады. Қатпарлар 
қалыңдығының алынған саны негізінде бала организміндегі май массасын 
есептеуге мүмкіндік беретін формула жасалған. 
 
МАЙ ТАРАЛУЫ 
 
Тері асты май-шел қабатының біркелкі және дұрыс таралғанын 
анықтау үшін дененің әр аймағын қарайды және пальпациялайды. Қарауда 
жыныстық ерекшелік байқалады: ересек жастағы ер балалардың теріасты 
майы біркелкі таралады, ал қыздарда май-шел қабатының сан, іш, бөксе 
аймақтарында және кеуденің алдыңғы жағында жиналғаны байқалады. 
 
МАЙ КОНСИСТЕНЦИЯСЫ 
 
Тері асты май-шел қабаты қалыптыда ұсақ дәнді, біртекті. Кейде 
тығыздалған және/немесе атрофия ошақтарын анықталуы мүмкін. 
 
ЖҰМСАҚ ТІНДЕР ТУРГОРЫ 
 
Басбармақ және сұқ саусақ көмегімен иықтың немесе санның 
(жоғарғы үштен бірі) ішкі беткейіндегі теріні және барлық жұмсақ тіндерді


123 
басқанда, қарсылықты және серпімділікті сезу арқылы анықталады. Тургор 
қанағаттанарлық болғанда басылған тіндердің серпімді қарсылығын сезуге 
болады; тургор төмен болғанда осы қатпардың солғындығы немесе 
болбырлығы сезіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет