4. Баладағы қол саусақтары қандай деформациясы ювенильді ревматоидты артритке тән? A.
Арахнодактилия.
B.
«Шұжық тәрізді» деформация.
C.
«Ұршық тәрізді» деформация.
D.
Склеродакталия.
5. Төменде көрсетілгендердің қайсысы 2 айлық балада патология болып табылады? A.
Омыртқа жотасының физиологиялық иілімдерінің болмауы.
B.
Үлкен еңбектің ашық болуы.
C.
Кіші еңбектің ашық болуы.
D.
Тәжді тігістің ашық болуы.
Дұрыс жауаптар: 1 – С; 2 – Е; 3 – D; 4 – C; 5 – C,D. 6.2. БҰЛШЫҚ ЕТ ЖҮЙЕСІ Бұлшық ет жүйесі өзіне 600 бұлшық етті тіркейді, көбісі қимыл
қозғалысқа қатысады.
Бұлшық ет жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері Туылған кезде бұлшық ет саны ересектердікіндей болады, бірақ
елеулі айырмашылықтар байқалады.
158 Балалардағы бұлшық ет жүйесінің ерекшеліктері.
Жаңа туған балаларда қаңқа бұлшық еттері анатомиялық қалыптасқан және салыстырмалы жақсы дамыған. Қимыл- қозғалыстың белсенуіне байланысты балаларда бұлшық ет массасы жоғарылайды және 15 жаста дене салмағының 32-33%-ын құрайды (үлкендерде 40-44%).
Нәрестелерде бұшық ет талшықтары жіңішке, борпылдақ орналасқан. Постнатальды кезеңде бұлшық ет массасы өсуінің негізінде бұлшық ет талшықтарының қалыңдауы жатады.
Ерте жастағы балаларда бұлшықеттері жіңішке және әлсіз, ал бұлшық ет рельефі тегіс, тек 5-7 жаста айқын бола бастайды.
Нәрестелердің шаңдырлары жіңішке, борпылдақ, бұлшық еттен оңай ажыратылады. Сіңірлі дулығаның әлсіз дамуы және оның бас