Тарау 7
Тыныс алу жүйесі
ӨКПЕНІҢ ДАМУЫ
Ауа-өткізуші жолдары және өкпенің
паренхимасы құрсақішілік
дамудың 22-26 тәулігінде алдыңғы ішектің вентральды бөлігінен,
респираторлық дивертикул түрінде пайда болады.
Кейін алдыңғы ішіктің
бұл бөлігі эзофаготрахеалды далдамен вентральды (трахея және екі
өкпелік бүйрек) және дорсальды (өңеш) бөліктерге бөлінеді.
Оң жақ
өкпелік бүйрек үшке, ал сол жақ - екі түтікшеге бөлініп, оң жақ өкпенің үш
бөлігін, сол жақ өкпенің екі бөлігін болжамдайды. Әрі қарай бұтақталу
жалғасып, бронхиалдық бұтақ толық қалыптасады.
Тыныс жолдарының эпителийі
хориалды пластинкадан, ал басқа
құрылыстық бөліктері мезенхимадан дамиды.
Өкпенің дамуы келесі кезеңдерге бөлінеді (сурет 7-1, 7-2).
Сурет 7-1.
4-ші аптадан (а) 6-шы (д) аптаға
дейінгі эмбрионның басты
бронхтарының дамуы:
1 - трахея; 2 – бронх бүйректері; 3 - бірінші қатардағы бронхтар
Достарыңызбен бөлісу: