223
Сурет 8-7.
Пульсацияны анықтау әдістемесі: а – эпигастральды аймақта; б
– мойындырық тілікте.
Шеткері артериялардың пальпациясы
Шеткері
артерияларды
пальпациясында
пульс
бағаланады.
Артериялдық пульс – жүрек қарыншаларының систоласымен синхронды,
шеткері қан тамырларының іргесінің мерзімді соққыламалы тербелістері.
Пульсті екі қол мен аяқта тексеріледі және салыстырылады (сурет 8-8).
Көрсеткіштері біркелкі болғанда, пульс синхронды деп есептеледі.
Шеткері қан тамырларындағы пульсацияның
әлсіреуі қан ағысының
бұзылысын куәләндіреді.
2 жастан асқан балаларда пульстың негізгі сипаттамалары кәрі жілік
артериясынан анықталады.
Пульстің ЖЖЖ, ырғағы, кернеуі, толығуы,
биіктігі және формасы бағаланады (сурет 8–5).
Ерте жастағы балалардың бір тынысына орта есеппен 3-3,5 жүрек
жиырылуы тән, ал ересектерде – 4.
Жүрек аймағы перкуссиясы
Жүрек перкуссиясында анықталады:
- оның көлемі;
- конфигурациясы;
- орналасуы;
- тамырлар будасының ені.
4 жастан асқан балаларға жүрек перкуссиясын үлкендердікіндей
жүргізіледі (сурет 8-9), ал ерте жастағы балаларға тікелей перкуссия тек
бір
саусақпен, ал тікелей емес перкуссияда саусақ-плессиметр тек шеткі
фаланга арқылы
жасалынады. Перкусия бәсең жүргізіледі.
Жүректің топографиялық
шекарасының аймағы
салыстырмалы
жүрек тұйықтығы
деп аталады, себебі өкпемен жабылған жүректің