Оқулық «гэотар-медиа»


Қан тамырларының пульсациясы



Pdf көрінісі
бет148/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   315
Қан тамырларының пульсациясы
тік тұрған сау баланың 
мойнында әдетте көрінбейді немесе сал ғана көрінеді, патология кезінде 
төс-бұғана-емізікше бұлшықеті сыртына қарай мойын веналарының іркілуі 
және пульсациясы байқалады. Патологиялық пульсациялар эпигастриялық, 
құрсақ үсті аймақтарында және оң жақ қабырға астында білінуі мүмкін.

«Барабан таяқшалары»
(қол, сирек аяқ саусақтарының фаланга 
ұштарының қалыңдауы) және «сағат әйнектері» (тырнақтардың сфера 
тәрізді формасы) созылмалы қанайналым жеткіліксіздігінің немесе тыныс 
алу органдарының созылмалы патологияларының белгілері болуы мүмкін 
(сурет 8-5). 


Сурет 8-5.
Туа пайда болған жүрек 
ақауы бар баланың «барабан таяқшасы» 
және «сағат әйнектері» түріндегі 
өзгерістер 
220 

Капилляралды 
пульс
қолқаның 
жетіспеушігі 
кезінде 
байқалады. Саусақтың ұшын жеңіл 
қысканда оның ортасында пульспен 
бірге 
синхронды 
кеңейіп 
және 
тарылатын кішігірім ақ дақ қалады. 
Бұл науқастардың ауыз қуысын 
қарау барысында сілемейлі қабаттың
бозғылт және қалыпты алқызыл 
түстерінің 
ырғақты 
кезектесуін 
байқауға болады.

Дененің үстіңгі және астыңғы бөліктерінің диспропорциясы 
(«атлетикалық» иықтық белдеу кезіндегі аяқтарының нашар дамуы) 
қолқа коарктациясын болжауға мүмкіндік береді.
 
Жүрек аймағын қарау 
Жүрек аймағын қарау барысында, кей жағдайларда жүрек ұшы 
түрткісінің орналасуын, кейде көзге көрінетін жүрек түрткісін және 
«жүрек дөңесін» анықтауға болады. 

Жүрек ұшы түрткісі 
(алдыңғы кеуде қабырғасына жүрек ұшының 
соғуынан туындаған пульсация) визуалды балалардың көпшілігінде 
кеуденің алдыңғы беткейінде бір қабырғааралық бойымен алдыңды 
қолтық сызығынан ішкері (2 жасқа дейінгі балаларда – төртінші, ал 
жоғары жастағы балаларда – бесінші қабырғааралықта) анықталады. 
Патологиялық жағдайда жүрек ұшының түрткісі вертикальді немесе 
горизонтальді бағыттарда өзгеруі мүмкін. 

Жүрек түрткісі 
– жүрек ұшының ғана емес қарынша қабырғасының 
да кеудеге соғуынан пайда болатын жүрек аймағының жайылмалы 
пульсациясы. Жүрек түрткісі тек патологиялық жағдайда ғана 
анықталады, оның қарау кезінде анықталуы әдетте жүрек көлемінің 
және оның жиырылуының күшін айтарлықтай ұлғаюын көрсетеді.

«Жүрек дөңесі» 
– жүрек аймағындағы біркелкі ілгері керілу
түрінде 
қабырғалардың деформациясы. Басты түрде кіші жастағы балаларда 
жүрегінің ұлғайған тұстарының кеуденің алдыңғы іргесіне ұзақ 
қысым көрсетуімен байқалады.

Қабырғааралықтардың тегістелуі 
ауыр жалқаяқты перикардитте 
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет