Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет155/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
 
 


229 
Сурет 8-13.
Жүрек тондарының қалыптасуы (сұлба): а – жүрекшелік компонент (кейде 
жеке IV тон ретінде қабылданады); б – І тонның қақпашалық компоненті ; в – І тонның 
бұлшықеттік компоненті; г – І тонның тамырлық компоненті; д – ІІ тонның құрылу 
механизмі; е – ІІІ тонның құрылу механизмі
Кесте 8-7.
Жүрек тондарының сипаттамасы 
Тон түрлері 
Тондардың сипаттамасы 
Тыңдау 
уақыты 
І тон 
(систолалық) 
Атрио-вентрикулярлы 
қақпақшалардың жабылуынан кейін 
қарыншалардың жиырылуының 
бастамасында жүреді. Оның пайда 
болуын негіздейтін бірнеше 
компентенттер ерекшеленеді: 
- қақпақшалық (митральды және үш 
жармалы қақпақшалар жармаларының 
жабылғандағы тербелісі); 
- бұлшықеттік (жиырылуы кезіндегі 
қарыншалар миокардының тербелісі); 
- қантамырлық (қанды айдау бастапқы 
кезіндегі қолқа мен өкпе сабауының 
қабырғаларының тербелісі);
- жүрекшелік (жүрекше бұлшықетінің 
кернеуі) 
Үлкен үзілістен 
кейін 
тыңдалады, 
жүрек ұшы 
түрткісімен және 
ұйқы 
артериясының 
пульсына сай 
келеді 
ІІ тон 
(диастолалық) 
Қарыншалардың қанға толудың 
бастапқы кезінде пайда болады 
(диастола). Қолқа мен өкпе 
артериясының қақпақшаларының 
жабылуымен және олардың 
тамырлардың бастапқы бөліктердегі 
іргесінемен бірге тербелісімен 
негізделеді 
Кіші үзілістен 
кейін тыңдалады 


230 

2 жастан 12 жасқа дейін ІІ тон сол жақ екінші қабырға аралығында, 
оң жаққа қарағанда жақсы естіледі, яғни өкпе артериясы үстінде ІІ 
тонның физиологиялық акценті бар. 

12 жаста тондардың үнділігі теңеседі, келешекте ІІ тон әдетте оң 
жақта жақсы естіледі (қолқа үстінен). 

Үлкендерде жүрек ұшында І тон жақсы естіледі, ал жүрек негізінде 
(қолқа және өкпе артериясы қақпақшалары үстінен) – ІІ тон. 
Кейде аускультациясы кезінде жүрек тондары екі үнді болуын 
естиміз, бұл негізгі тондардың екіге бөлшектену немесе бөліну деп 
бағаланады. 
Бөліну
деп қысқа тондардың арасында нақты үзіліс естілетін кездегі 
тонның бөлінуін айтамыз. 
Бөлшектену
деп тондар екіге бөлігінгенімен арасындағы үзіліс нақты 
естілмейтін кездегі тонның бөлінуін айтамыз. І тонның минимальді 
бөлшектенуі дені сау балаларда болуы мүмкін (терең демалғанда, жүректің 
оң бөліктері қанмен толғанда айқынырақ естіледі); ІІ тонның минимальді 
бөлшектенуі ІІ-ІІІ нүктелерден терең тыныс алудың шыңында естіледі, 
себебі жүректің оң бөліктері қанмен толуына байланысты өкпе артериясы 
қақпақшасының жабылуы тежеледі. 
Кейбір балаларда қосымша тондарды естуге болады. ІІ тоннан кейін, 
диастоланың басында, кейде қарыншалардың бұлшықет қабырғасының 
созылуымен байланысты ақырын ІІІ тон естіледі (жасөспірімдерде 
көлденеңінен V нүктеде жақсы естіледі, ал тігінен естілмейді). Спортпен 
айналысатын балаларда жүрекшенің жиырылуынан болатын әлсіз дыбыс 
IV нүктеде естіледі. 
Жүрек 
тондарының 
ырғақтығы 
(жүрек 
ырғағының 
реттілігі) 
диастолалық үзілістің теңдігімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет