Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет153/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   315
227 
Кесте 8-6.
Перкуссиядағы жүректің салыстырмалы тұйықталуының 
шекаралары 
Шекара 
Жастық топтары 
2 жасқа дейін 
2-7 жас 
7-12 жас 
Жоғарғы 
ІІ қабырға (сурет 8-
11, а) 
ІІ қабырғааралық 
(сурет 8-11, б) 
ІІІ қабырға (сурет 
8-11, в) 
Оң жақ 
Оң жақ төсмаңы 
сызығы 
Оң жақ төсмаңы 
сызығынан ішке 
қарай 
Төстің оң жиегінен 
1 см дейін шығады 
Сол жақ 
Бұғана орта 
сызығынан 1,5-2 см 
сыртқа қарай 
Бұғана орта 
сызығынан 0,5-1,5 
см сыртқа қарай 
Бұғана орта 
сызығы бойынша 
немесе 0,5-1 см 
ішке қарай 
Сурет 
8-11.
Баладағы 
жүректің 
абсолютті 
және 
салыстырмалы 
тұйықталуының шекаралары: а – 2 жасқа дейін; б – 2-7 жас; в – 7-12 жас 
Жүректің конфигурациясы
салыстырмалы тұйықталуға сәйкес 
нүктелерін қосу арқылы анықталады (қосымша жүректің салыстырмалы 
тұйықталу шекараларын, оң жақтан үшінші қабырғааралықтан, сол жақтан 
үшінші және төртінші қабырғааралықтардан анықтау қажет). Қалыптыда 
сол жақтан қан тамыр шоғыры мен сол қарынша арасында доғал бұрыш 
анықталады – «жүректің белі».
Қан тамыр шоғырын енін
екінші қабырғааралықта оң және сол 
жақтан төске қарай бағытта анықталады (қалыптыда шоғыр төс аймағынан 
шықпайды). Үлкендерде ені 5-6 см құрайды. 
 
Жүрек аускультациясы 
Жүрек аускультациясын науқастың төсектегі әр жағдайында жүргізу 
керек, алдымен науқас арқасында жатқанда, сол жақ бүйірінде, отырғанда 
немесе тұрғанда. Сонымен қатар, жүрек аускультациядағы мәліметтері 
салыстырылады: науқастың қалыпты тыныс алуында, тыныс алуды ұстау 
кезінде (тыныс алуда немесе тыныс шығаруда), физикалық жүктемеге 
дейін және жүктемеден кейін.
Аускультацияның классикалық нүктелері сурет 8-12 көрсетілген. 
Қажет болғанда (табылған өзгерістердің сипатын анықтау үшін) 
аускультация жүрек аймағының проекциясында, қолтық астында, бұғана 
астында, мойынджырық аймақтарда және арқасында жалғастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет