Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет154/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   315
 
 


Сурет 8-12.
Жүрек тондарын 
тыңдау классикалық нүктелері: 
1 – митральды қақпақша 
нүктесі (жүрек ұшы, әдетте 5 
қабырғааралықпен сол бұғана 
орта сызығы бойынша 1-1,5 см 
ішке); 2 – қолқа қақпақшасы 
нүктесі (төстің оң жағымен 2 
қабырғааралықта); 3 – өкпе 
сабауы нүктесі (төстің сол 
жағымен 2 қабырғааралықпен); 
4 – үш жармалы қақпақша 
нүктесі (төстің төменгі үштен 
бірі); 5 – Боткин-Эрба нүктесі, 
қолқа мен митральды 
қақпақшалардың қосымша 
нүктесі (III-IV сол 
қабырғаларының төске бекіген 
жері)
228 
Жүрек тондары 
Дені сау баланың жүректің барлық 
аймақтарында екі тон тыңдалуы мүмкін 
(сурет 8-13, кесте 8-7) 
І 
және 
ІІ 
тондар 
интервалы 
систолаға сәйкес, ересектерде әдетте ол 
диастоладан 2 есе қысқа. 
Эмбриокардия 
– 
І 
және 
ІІ 
тондардың дыбыс айқындығы бірдей, 
тондар аралық интервалы тең маятник 
тәріздес ритм. Өмірінің алғашқы екі 
аптасы бойында эмбриокардия қалыпты 
вариант деп есептеледі. 
Аускультация кезінде қажет: 
- жүрек тондарын анықтау; 
- тондар дыбысының тембрін және 
тұтастыған бағалау; 
- жүрек ритмінің дұрыстығын бағалау; 
- І және ІІ тондардың дыбыс 
айқындығының қарым-қатынасын бағалау. 
Балаларда өмірінің алғашқы күндері 
жүрек 
тондарының 
физиологиялық 
әлсіздігі байқалады, кейін балаларда жүрек 
тондары үлкендерге қарағанда үнділігімен 
және анықтығымен ерекшеленеді. Орташа 
әлсіз естілетін тондар тұйықталған, тым 
әлсіз – тұйық деп атайды. 
І және ІІ тондарды үнділігі бойынша 
ерекшеленеді. Тондар үнділігінің қарым-
қатынасы жасына қарай өзгереді. 

Нәрестеде алғашқы 2-3 тәулікте жүрек ұшында және Боткина-Эрба 
нүктесінде ІІ тон І тоннан айқынырақ. Кейіннен олардың үні теңеседі, ал 2-
3 айдан соң І тон басым естіледі. 

Өмірінің бірінші жылында жүрек негізінде І тон жақсы естіледі, 
кейін тондар үні теңеседі, ал 2 жастан соң ІІ тон басым естіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет