Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет156/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   315
Жүрек шуылдары 
Балалардың жүрек және ірі тамырлар аймағының аускультациясы 
кезінде қосымша ұзақтау дыбыстар жиі естілуі мүмкін, олар қанның 
турбулентті қозғалысынан туындайтын шуылдар. Турбуленттік үш 
гемодинамикалық параметрлерінің қалыпты қарым-қатынасы бұзылғанда 
пайда болады: 
- қақпақша тесіктері немесе тамыр саңылауының диаметрі; 
- қан ағу жылдамдығы; 
- қан тұтқырлығы. 
Жүрек және ірі тамырлар аймағынан естілетін шуылдарды 
жүрекшелік (интракардиальды) және жүректен тыс (экстракардиальды) 
деп бөлінеді. 


231 
Жүрекішілік шуылдарды әдетте екі топқа бөлінеді: органикалық 
(жүрек іргесінің, тесіктерінің немесе қақпақшаларының анатомиялық 
өзгерісімен байланысты) және функциональды, оларды дені сау 
балалардағы жүрек қызметінің үндік ерекшеліктерінің көрінісі деп 
есептейді, сонымен қатар жүрек бұлшықеттерінің жұмысы бұзылысында, 
гемодинамика 
өзгерісінде 
(жүрек 
құрылымының 
бұзылысымен 
байланыссыз), басқа ағзалар мен жүйелердің патологиясында (мысалы, 
анемияда) байқалады. 
П.С. Мощич және басқа авторлардың заманауи классификациясына 
сәйкес балалардағы шуылдарды 4 топқа бөлуді ұсынған: 
- органикалық (жүрек қабаттарының және ірі тамырлардың 
органикалық зақымдалуынан туындаған); 
- орган-функциональды (басқа ағзалар мен жүйелердің аурулары 
кезінде жүрек функциясының бұзылысы туындағанда); 
- функциональді (жүректен тыс аурулары кезінде жүрек қызметінің 
бұзылысы туындағанда); 
- физиологиялық (жүрек-тамыр жүйесінің анатомды-физиологиялық 
ерекшеліктерімен негізделетін дені сау ағзадағы жүректің саулығында 
естілетін «жазықсыз» шуылдар). 
Шуыл естілген кезде оның параметрін анықтау қажет (кесте 8-8). 
Берілген параметрлерді бағалау шуылдың функционалды немесе 
органикалық екенін анықтауға, оның пайда болу себебін болжауға 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет