251
Коронарлық жетіспеушілік
Коронарлық жетіспеушілік – жүректің тәждік артериясымен қан
ағымының миокардтың оттегі қажеттілігіне сәйкес болмауы себебінен
миокардтың диффузды немесе шектелген ишемиясы. Коронарлық
жетіспеушілік жедел (спазм, тромбоз немесе эмболия салдарынан тәждік
артерияның өткізгіштігінің кенеттен бұзылуы) және созылмалы (веналық
артериямен қан ағуының тұрақты төмендеуі) болып бөлінеді. Коронарлық
қанайналым салыстырмалы жеткіліксіздігі тәждік артерия өзгеріссіз
жағдайда
миокард
гипертрофиясынан
туындайды.
Балалардағы
коронарлық жеткіліксіздігінің себептері – туа біткен аномалиялар, тәждік
тамырлар
аурулары
мен
жарақаттары,
коронарлық
қанағысының
салыстырмалы жеткілікіздігі, қарыншалар миокардтың гипоплазиясы.
Ауру тарихынан фрагмент
Сұрастыру. Жалпы қарау.
Жүрек аймағын қарау: ілгері керілу, жүрек және жүрек ұшы түрткісі.
Пальпация: жүрек және жүрек ұшы түрткісі (орналасуы, аумағы,
биіктігі, жүрек ұшы түрткісінің күші, мысық пырылы симптомы, оның
жүрек қызметінің кезеңдеріне қатынасы).
Перкуссия: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекарасы.
Аускультация:
- жүрек тондары (реттілігі, үнділігі, акценттері, бөлінуі);
- шуылдар, олардың сипаты (ұзақтығы, тембрі, интенсивтігі, жүрек
қызметінің кезеңдеріне қатынасы (систолалық, диастолалық), орналасуы,
ең жоғары интенсивтілігі, өткізгіштігі, өзгергіштігі);
- перикард үйкеліс шуылы (онық сипаты, ұзақтығы, орналасуы).
Мойын тамырларының, самай артериясының, сирақтар артериясының,
эпигастральды аймақтың пульсациясын анықтау.
Кәріжіліктік артерия пульсі: жиілігі, реттілігі, толығуы, кернеуі,
көлемі, симметриялығы.
АҚ.
«Жүрек-тамыр жүйесі» тарауына тесттік тапсырма
1. 1-2 жастағы балалардың пульс жиілігі қанша болу керек?
А. 140-160 минутына
В. 120-130 минутына
Достарыңызбен бөлісу: |