Тоқ ішек Нәресте балалардың тоқ ішегінің орташа ұзындығы – 63 см, бірінші
жылының соңына қарай 83 см-ге дейін жетеді. Кейіннен тоқ ішектің
ұзындығы шамамен баланың бойының ұзындығымен бірдей болады.
Туылғанда тоқ ішектің қалыптасуы әлі толық аяқталмайды. Нәресте
балаларда шарбылық өсінділері болмайды (2 жасқа қарай қалыптасады);
жиек ішек таспалары әрең білінеді; жиек ішектің қампаймасы болмайды (6
айдан кейін пайда болады). Жиек ішектің таспалары, қампаймалары мен
шарбылық өсінділері 6-7 жасқа қарай толық қалыптасады. Нәрестелердің
құрт тәрізді өсіндісі конус пішінді болып келеді, ұзын шажырқайының
болуымен жоғары қозғалысқа ие және іш қуысының кез келген жерінде
орналасуы мүмкін, сонымен қатар ретроцекальді; оған кіру жолы кең
ашылған (бірінші жаста қақпақша қалыптасады).
Тоқ ішек судың қайта сіңірілуін және эвакуаторлы-резервуарлық
қызметті қамтамасыз етеді. Онда қоректік заттардың ыдырауы (жіңішке
ішектен түсетін ферменттердің қатысуымен ғана емес, сонымен қатар тоқ
ішектегі бактериялар әсерінен) және сіңірілуі аяқталады, нәжістің түзілуі
жүреді.
Балалардың тоқ ішегінің шырышты қабатына тән: тереңделген
ұңғылдар,
жалпақ
эпителий,
жоғары
дәрежедегі
пролиферация
жылдамдығы. Қалыпты жағдайда тоқ ішекте сөл бөлінуі азғантай, бірақ
шырышты қабатты механикалық тітіркендіргенде бірден жоғарылайды.
Тік ішек Нәрестелердің тік ішегі цилиндр пішінді, ампуласы (оның қалыптасуы
бірінші балалық шақ кезеңінде) және иірімдері (омыртқаның сегізкөз және
құйымшақ иірімдерімен бір уақытта қалыптасады) болмайды; қатпарлары
айқын емес. Бірінші айлық балалардың тік ішегі салыстырмалы ұзын және
майлы жасұнық дамымағандықтан бекітілуі нашар. Тік ішектің соңғы
орналасуы 2 жаста болады. Нәрестелердің бұлшық ет қабаты толық
дамымаған. Ерте жастағы балалардың шырышасты қабатының жақсы
дамығанына және шырышты қабаттың шырышасты қабыққа нашар
бекітілуі, сонымен қатар анус сфинктерінің толық жетілмеуіне байланысты
тік ішектің жиі түсуі байқалады. Балалардың анальді тесігі ересектерге
қарағанда дорсальді, құйымшақтан 20 мм қашықта орналасады.